8(7162)50-31-21

Көкшетау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесі» КММ

Бiздiң Қалалық ақпараттық
кiтапхана жүйесiнiң сайтына
қош келдiңiз!

«Кiтап дегенiмiз — алдыңғы
ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған
рухани өсиетi.
Кiтап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан
да тиылар едiк»
Ғабит Мүсiрепов

KÓKShETAÝ QALASYNYŃ QR-ELEKTRONDY KITAPHANASY

«Жамбыл – менің жай атым,халық –менің шын атым» оnline-телемост

Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесі «Болашаққа бағдар: Рухан Жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақастында, Тәуелсіздіктің 30 жылдығына, Жыр дүлдүлі, айтыс шебері Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай «Жамбыл –менің жай атым,халық –менің шын атым»   Тараз қаласы орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесімен бірлесе отырып online-телемост ұйымдастырды.

Іс-шараға Көкшетау қаласы Мәдениет және тілдер дамыту бөлім басшысының міндетін атқарушысы Төлеген Әсия Сағнайқызы, Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесінің директоры Абишева Айгүл Амангелдіқызы, М.Ғабдуллин музейінің ғылыми қызметкері Махметова Аягоз, Тараз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Бақыт Тоқсанбайқызы Тілегенова, Жамбылтану бөлімінің мәдени ұйымдастырушысы Буркітбаева Гулгаухар Құрманәліқызы, Тараз қаласыныңорталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесінің директоры Улболсын Таліпбекқызы Саулебаева, кітапхана қызметкерлері, оқырмандар қатысып, Жабаевтың ақындық мұрасы қазақ халқының рухани қазынасының алтын қорына енгізілдігі туралы айтылды.

Жас кітапханашы Қстаубаев Нұрлан «Ленинградтық өренім», Тараз қаласы кітапхананың тұрақты оқырманы Бектемісова Жұлдыз «Абайдың суреті» өлеңдерін оқыды.

Іс –шараны «Көкен Шәкеев» атындағы ақындар мектебінің жас ақыны Сейтқазин Қайрат, Тараз қаласының Жастар ресурстық орталығының директоры Абзал Есенұлы   алма-кезек жүргізді.

Оnline-телемост барысында қатысушылар назарына бейнебаян көрсетілді.

Жамбыл жырлары теңіз түбінде шашылып жатқан маржан секілді. Оны жинап алып халқының қолына беру – біздің әрқайсымыздың азаматтық борышымыз» Сәкен Сейфуллин.

Мақаланың шыққан күні: 26.02.2021

Қаралым саны: 16964

Біз әлеуметтік желідеміз