8(7162)50-31-21

Көкшетау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесі» КММ

Бiздiң Қалалық ақпараттық
кiтапхана жүйесiнiң сайтына
қош келдiңiз!

«Кiтап дегенiмiз — алдыңғы
ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған
рухани өсиетi.
Кiтап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан
да тиылар едiк»
Ғабит Мүсiрепов

KÓKShETAÝ QALASYNYŃ QR-ELEKTRONDY KITAPHANASY

«Бiз батыр елдiң ұрпағымыз» патриоттық акциясын

Қалалық ақпараттық кiтапхана жүйесi Т. Бигелдиновтың 100 жылдығына орай «Бiз батыр елдiң ұрпағымыз» патриоттық акциясын ұйымдастырады.

Мақсаты: жастарды патриоттық, азаматтық рухта тәрбиелеу, өз Отанына шексiз берiлген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгерлер ерлiгiн үлгi ету, Отан қорғаудың өшпейтiн өнегелi iзiн қалдырған батырдың еңбектегi ерлiгi мен майдандағы қыран қаһармандығын насихаттау.

Шараға Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттiк университетiнiң профессоры, оқытушы Мұсатай Ғалымұлы Есмағамбетов, Красный яр ауылының ардагерлер кеңесiнiң төрағасы Есiмбек Сабырұлы Абишев, Қалалық мәдениет, тiлдердi дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлiмiнiң басшысы Күнiм Әбдiсалыққызы Уразбаева, РММ «5510 Ұлттық гвардиясының әскери бөлiмi» әскери бөлiмiнiң сарбаздары және кiтапхана оқырмандары қатысады.

Сонымен қатар ескерткiш аланыңда кiтап көрмесi ұйымдастырылады. Көрмеге кiтапхана қорындағы әдебиеттермен қатар баспасөз беттерiнен материалдар, Батырға арналған естелiк кiтаптар, көркем туындылар орын алады.

«Бiз батыр елдiң ұрпағымыз» патриоттық акциясын

Мақаланың шыққан күні: 04.08.2022

Қаралым саны: 11447

Біз әлеуметтік желідеміз