8(7162)50-31-21

Көкшетау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесі» КММ

Бiздiң Қалалық ақпараттық
кiтапхана жүйесiнiң сайтына
қош келдiңiз!

«Кiтап дегенiмiз — алдыңғы
ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған
рухани өсиетi.
Кiтап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан
да тиылар едiк»
Ғабит Мүсiрепов

KÓKShETAÝ QALASYNYŃ QR-ELEKTRONDY KITAPHANASY

Республикалық байқаудың бас жүлде иегері

2022 жылдың 14-15 шілдесі аралығында Павлодар қаласында облыс мәдениет тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастыруымен Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы республикалық көркемсөз оқу шеберлері байқауы өтті.

Байқаудың мақсаты - ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармашылығын насихаттау, ел ішінен талапты, талантты жастарды іздеп табу.

Конкурсқа еліміздің түкпір-түкпірінен 18 бен 28 жас аралығындағы өнерпаздар қатысты. Байқау ережесіне сәйкес үміткерлер Сұлтанмахмұт Торайғыровтың кез-келген шығармаларынан үзінді оқып, өз өнерлерін ортаға салды.

Республикалық байқау 15 шілде күні Баянауылда өтті. Зиялы қауым өкілдері мен ғалымдардан құралған байқаудың қазылар алқасы үміткерлер өнерін бағалау кезінде олардың көркем мәтінді оқу шеберлігіне, тіл тазалығына, сахнада өзін-өзі ұстауына және сахналық киіміне баса назар аударды.

Сайыс қорытындысы бойынша Ақмола облысы, Көкшетау Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесінің қызметкері Қыстаубай Нұрлан Олжабайұлы бас жүлдеге ие болды.

Барлық қатысушылар арнайы дипломдармен, алғыс хаттармен және ақшалай сертификаттармен марапатталды.

Іс-шара соңында конкурс қатысушылары Сұлтанмахмұт Торайғыровтың мұражайына және кесенесіне барды.

Мақаланың шыққан күні: 14.07.2022

Қаралым саны: 11497

Біз әлеуметтік желідеміз