Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығы қарсаңында «Достар» МС жанындағы қалалық үлгілі кітапхана Шоқан Уәлиханов атындағы университет лекторларымен «Елімнің еркіндігі - Ата Заңда» атты дөңгелек үстел өткізді.
Іс-шараның мақсаты: елдің даму тарихы туралы білімді қалыптастыру, ұлттық сана — сезімді, саяси сауаттылықты ояту.
Іс – шараға «Көкшетау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің» бас маманы — Мұратбеков Ерік Мұратбеұлы
Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің тарих пәнінің оқытушысы — Төлепбергенов Ғалымтай Мәлікұлы, Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің құқық кафедрасының оқытушысы, заң ғылымдарының магистрі — Наурызбаев Ерлан Амагельдіұлы, 5510 әскері бөлімі аға лейтенанті — Қадыржан Бейбарыс Арнурұлы, 5510 әскери бөлімінің мерзімді қызмет сарбаздарының жеке құрамы қатысты.
Іс-шара басталмас бұрын қалалық кітапхананың қызметкері Бодаубай Г.Н. Конституцияға арналған кітап көрмесіне шолу жасады.
Мақаланың шыққан күні: 25.08.2025
Қаралым саны: 25
Мекен–жайы:
Көкшетау қаласы, Потанин көшесі, 53 үй
Жұмыс уақыты:
Дс-Жм: 10:00-19:00
Сн: 10:00-18:00
Жк: Демалыс күн
Телефон:
8 (7162) 50-31-21
E-mail:
mbo_gibs_kokshetau@mail.ru