8(7162)50-31-21

Көкшетау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесі» КММ

Бiздiң Қалалық ақпараттық
кiтапхана жүйесiнiң сайтына
қош келдiңiз!

«Кiтап дегенiмiз — алдыңғы
ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған
рухани өсиетi.
Кiтап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан
да тиылар едiк»
Ғабит Мүсiрепов

KÓKShETAÝ QALASYNYŃ QR-ELEKTRONDY KITAPHANASY

«Жанға шипа, көңілге медет кітаптар» жобасының тұсаукесері

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы бойынша және Халықаралық зағиптар күнi қарсаңында Қалалық зағип және нашар көретiн азаматтарға арнаулы кiтапханасында 15 қараша күнi әдебиеттiң алтын қорын «дыбысталған» түрiнде сақтап, оны оқырманға жеткiзiп, насихаттау мақсатында «Жанға шипа, көңiлге медет кiтаптар» атты жаңа жобаның түсаукесерi өткiзiлдi. Жобаның ашылу салтанаты кiтапхана оқырманы Бекужанова Айгүл Алиясқызының құрметiне арналды. Ол 19 жасынан бастап поэзиямен және жыл сайын Луи Брайль жүйесi бойынша өткiзiлетiн сайысқа белсене қатысады.

Iс-шараға қатысқандар: Көкшетау қаласының мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмiнiң басшысы Сабитова А.А., Ақмола облыстық Қазақ зағиптар қоғамының төрайымы Танирбергенова М.В., Көкшетау қаласының жұмыспен қамтамасыз ету және әлеуметтiк жобаларды дамыту бөлiмiнiң бас маманы Кусаинова Р.Г, Атбасар аудандық бастауыш Қазақ зағиптар қоғамының төрайымы Малгождарова А.Б., Байковская А.К. ақын, бiрнеше поэзиялық шығармалардың авторлары және кiтапхананың тұрақты оқырмандары.

Iс-шара барысында Бекужанова Айгүл өмiрi мен өзi жазған сүйiктi өлеңдерiн оқып, өзiнiң келешектегi жоспарларымен бөлiстi. Слайд, видеофильм көрсетiлiп, әндер шырқалды.

Қонақтардың назарына арнайы шрифтпен шығарылған әдебиеттермен қатар дыбысталған кiтаптар қойылған кiтп көрмесi ұйымдастырылды. Сонымен қатар Новосiбiр қаласының облыстық арнайы кiтапхананың студиясында бiздiң өлкемiздiң ақын-жазушыларының шығармалары электронды басылымдар түрiнде жазып шығарылған кiтаптар да көрмеден өз орнын алды.

    

Мақаланың шыққан күні: 15.11.2017

Қаралым саны: 49431

Біз әлеуметтік желідеміз