8(7162)50-31-21

Көкшетау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесі» КММ

Бiздiң Қалалық ақпараттық
кiтапхана жүйесiнiң сайтына
қош келдiңiз!

«Кiтап дегенiмiз — алдыңғы
ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған
рухани өсиетi.
Кiтап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан
да тиылар едiк»
Ғабит Мүсiрепов

KÓKShETAÝ QALASYNYŃ QR-ELEKTRONDY KITAPHANASY

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асырудағы кітапханалардың рөлі»

Жыл сайын Мемлекет басшысы мәдени-ағарту мәселесiне, қоғамның рухани байлығына ерекше мән берiп келедi.

Кiтапханалардың басты бағыт алатын құжаттары Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жолдауы, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы және алға қойған басты бағыт-бағдарлары, жобалары.

Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында Қалалық ақпараттық кiтапхана жүйесiнде «Рухани жаңғыру» бағдарламасын iске асырудағы кiтапханалардың рөлi» тақырыбында облыстық семинар өткiзiлдi. Семинар Ақмола облысының мәдениет басқармасының және Көкшетау қаласы әкiмдiгiнiң қолдауымен, М.Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап-ғылыми кiтапхана ұйымдастыруымен өттi.

Мақсаты: қазiргi жаһандық технологиялық үрдiстер уақытында кiтапханалардың заман көшiнен қалмай, қазақ халқының ұлттық дәстүрлерiн, тiлiн, әдебиетiн, мәдениетiн оқырманға насихаттау, Қазақстан халқының мәдени құндылықтарына және тамырына құрметпен қарау, шет ел кiтапханалары арасында халықаралық қатынастарды нығайту, кiтапхана мамандары арасында тәжiрибе алмасу, рухани жаңғырудағы кiтапхана рөлiн арттыру.

Семинардың ашылу салтанатында Қалалық ақпараттық кiтапхана жүйесi ұйымдастырған «Рухани жаңғыру» залының тұсаукесерi өткiзiлдi.

Семинарға шақырылған қонақтар: Көкшетау қаласы әкiмiнiң орынбасары Әмiренова Алтынай Байқадамқызы, ҚР Ұлттық кiтапханасының Қорды қабылдап алу, бақылау және толықтыру қызметiнiң жоғары дәрежелi кiтапханашысы — Нүсiпбекова Гүлбану Тұрсынқұлқызы, ҚР Ұлттық кiтапханасының Ақпараттық ресурстар қызметiнiң жоғары дәрежелi кiтапханашысы — Авелбекова Күляш Дүйсенбекқызы, Ақмола облысы аудандық кiтапханаларының директорлары мен Әдебиеттердi толықтыру және өңдеу бөлiмiнiң қызметкерлерi, Степногор қалалық кiтапханасының қызметкерлерi.

Семинар барысында пленарлық отырыс және тәжiрибелiк бөлiм өткiзiлдi. Пленарлық отырыста «ҚР Ұлттық кiтапханасының қорын толықтыру жағдайы және Веб-РАБИС-тың толықтыру модулi», «Қазақстан кiтапханаларының жiктеу жүйесiнiң дамуы және халықаралық әмбебап өңдеу жүйесi», көкейкестi мәселелер қозғалды. Тәжiрибелiк бөлiмде «QR-код жасау және игеру. Латын графикасының қазақ тiлiне енгiзу мәселелерi, ОКЖ-ның кiтап қорынан әдебиеттердi шығару мәселелерi бойынша практикалық оқулар өттi.

Келген қонақтар қалалық ақпараттық кiтапхана жүйесiнiң филиалдарына экскурсия жасап кiтапханалар жұмысымен танысты.

Өткiзiлiп отырған семинар бастамаларын iске асыру жолында туындайтын мәселелердiң алдын алуға, озық тәжiрибелердi кiтапхана iсiнде қолдануға, iзденiске жол ашады деп сенемiз.

Мақаланың шыққан күні: 28.03.2018

Қаралым саны: 52209

Біз әлеуметтік желідеміз