8(7162)50-31-21

Көкшетау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесі» КММ

Бiздiң Қалалық ақпараттық
кiтапхана жүйесiнiң сайтына
қош келдiңiз!

«Кiтап дегенiмiз — алдыңғы
ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған
рухани өсиетi.
Кiтап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан
да тиылар едiк»
Ғабит Мүсiрепов

KÓKShETAÝ QALASYNYŃ QR-ELEKTRONDY KITAPHANASY

«Рухани қазына — 2022»

16-21 мамыр аралығында елiмiздiң рухани астанасы Түркiстан қаласында ҚР Мәдениет және спорт министрлiгi өңiрлiк мәдениет және өнер саласындағы ұйымдар мен қызметкерлер арасындағы «Рухани қазына — 2022» Республикалық фестивалiн ұйымдастырды.

Фестивальдiң мақсаты — мәдениет саласы қызметiндегi тәжiрибемен алмасу, қазақстандық патриотизм мен ұлттық-мәдени бiрлiктi дамыту аясында ұлттық мәдениеттi насихаттау және аймақтық мәдениет ұйымдарының имиджiн нығайтуға бағытталған үздiк әлеуметтiк-мәдени және бiлiм беру тәжiрибелерiн көрсету.

Қалалық ақпараттық кiтапхана жүйесiнен: «Үздiк ауылдық маңызы бар кiтапхана» конкурсына Красный яр қалалық үлгiлi кiтапхана меңгерушiсi Гүлжанар Бодаубай, «Үздiк айрықша қажеттiлiгi бар азаматтарға арналған кiтапхана» Зағип және нашар көретiн азаматтардың қалалық арнаулы кiтапхана меңгерушiсi Жадра Набиевна Сагандыкова, сонымен қатар кiтапханашылар номинациясына: Үздiк қалалық маңызы бар балалар, жасөспiрiмдер немесе балалар және жасөспiрiмдер кiтапхана қызметкерi Ирина Фадеевна Милютина, Үздiк қалалық маңызы бар кiтапхана қызметкерi Нурлан Ольджабаевич Кстаубаев өз шеберлiк тәжiрбиелерiн қорғап, ҚР Мәдениет және спорт министрлiгiнiң алғыс хаттармен марапатталды.

Мақаланың шыққан күні: 23.05.2022

Қаралым саны: 13143

Біз әлеуметтік желідеміз