8(7162)50-31-21

Көкшетау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесі» КММ

Бiздiң Қалалық ақпараттық
кiтапхана жүйесiнiң сайтына
қош келдiңiз!

«Кiтап дегенiмiз — алдыңғы
ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған
рухани өсиетi.
Кiтап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан
да тиылар едiк»
Ғабит Мүсiрепов

KÓKShETAÝ QALASYNYŃ QR-ELEKTRONDY KITAPHANASY

Отбасылық сайыс «Менің бақытым -отбасым»

ҚР-ның Президентiнiң Жарлығымен қыркүйек айының екiншi жексенбiсi «Отбасы күнi» болып жарияланған болатын. Отбасы күнi қарсаңында 2017 жылдың қыркүйек айының 20 күнi Қазақстан халқы Ассамблеясының жанындағы «Аналар кеңесi» және Бiрлiк үлгiлi қалалық кiтапханасының «Менiң бақытым — отбасым» атты отбасылық сайыс ұйымдастырылды. Шараның басты мақсаты: Отбасыңдағы ұлттық дәстүр мен құндылықтарды насихаттау, сонымен қатар, берiк те мықты отбасылардың құрылуына мол септiгiн тигiзу. Кеш қонақтары Ақмола облыстық «Аналар» кенесiнiң төрайымы Қыиқова Зере Еспаевна, «Шаңырақ» әлеуметтiк психологиялық және зерттеу орталығының директоры Берiк Ұзақбайұлы Ракушев, қалалық кiтапхана жүйесiнiң кiтапханашылары, Жалпы бiлiм беретiн №22 негiзгi мектептiн мұғалiмдерi және Бiрлiк мөлтек ауданының тұрғындары.Кешке Бапиева Насиханың, Қапаров Файзолланың және Фазыловтар отбасылары 20,50 жыл бiрге отасқан әулеттерi қатысты. Сахна төрiне бiрiншi болып шыққын Бапиевтар отбасы, отбасымен таныстырып, қазақтын салт-дәстүрiн көрсеттi, немерелерi лүй тартып, ән салды. Екiншi болып шыққан Қапаровтар отбасы, Роза апай отбасын таныстырып, немересi ұлы Абайдың өлеңдерiн оқыды және ене мен келiннiң арасындағы қарым-қатынастары туралы айтып кеттi. Үшiншi отбасы Фазыловтар, отбасы да күй тартып, өлен оқыды және тұсау кесу рәсiмiн көрсеттi. Әр ұлттың өзiнiң салт-дәстүрi дегендей бiздiң қатысушыларымызда қол өнер шеберлiктерiн және ұмыт болып кеткен салтымызды, дәстүрлi асымызды көрсеттi. Кеш сонында отбасыларға шағын естелiк сыйлықтар ұсынылды және мерекелiк концертпен аяқталды.

   

Мақаланың шыққан күні: 20.09.2017

Қаралым саны: 44409

Біз әлеуметтік желідеміз