8(7162)50-31-21

Көкшетау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесі» КММ

Бiздiң Қалалық ақпараттық
кiтапхана жүйесiнiң сайтына
қош келдiңiз!

«Кiтап дегенiмiз — алдыңғы
ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған
рухани өсиетi.
Кiтап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан
да тиылар едiк»
Ғабит Мүсiрепов

KÓKShETAÝ QALASYNYŃ QR-ELEKTRONDY KITAPHANASY

«Сезім музейі»

Қазақ поэзиясының үні қарлығып қалмауы үшін жаңа тыныс, тың ізденіс пен озық ой керек. Еркіндігімен елеулі дүние тудырып, сезімін
сөйлететін ақындар өлеңі оқырман назарынан түспеуі маңызды. Күйбең тірлікте күйгелектенбей, бір сәт жан тыныштығын сезініп, санаға серпіліс
беруде өлеңнің құдіреті шексіз екені анық. Осы ретте әдебиет пен оқырманның әдемі байланысына дәнекер ретінде Электронды қалалық
кітапханада 15 сәуір күні «Сезім музейі» атты жұптық поэзия кешi өтті. Айтулы шара әдебиеттің, оның ішінде поэзияның мәртебесін арттырып, жастарды кітап оқуға, уақытын тиімді өткізуге баулып, жас таланттардың шығармашылығын насихаттап, қолдау көрсетуге, рухани құндылықтардың бәсін биіктетуді көздейді. Кеш өзгеше атмосферада түндігін түрді. Жергілікті ақын Алмас Темірбайдың «Махаббаттың жеті кереметі» өлеңін бастау алып, Мұқағали. Фариза, Жұбан, Төлеген, Қасым және т.б. ақындардың өлеңдері оқылды. Кітапхана ішіндегі әдемі безендіріліген шағын сахна, қабырғадағы суреттер эстетикалық хаттар мен жыр шумақтары, әдемі көйлегін киген арулар мен сері жігіттер салтанатты кештің шырайын кіргізіп, көркін қыздыра түсті. Мөлдір поэзияның ылдиына бойлап, жүректен шыққан сөздерін симфония
үнімен үндестіре білген жастар бірінен-бірі өтті. «Темірқазық» клубының ұл-қыздары Қазақ кинематографиясының алтын қорына енген, ұлттық
комедияның жауһары — “Тақиялы періште” фильмін негізге ала отырып, заманауи стильге нақыштап көрініс қойды. Шоқан Уәлиханов атындағы
Көкшетау университетінің жанынан ашылған «Жауқазын» сутденттік жастар театры, «Алау» студенттер театы қонаққа келіп, өз өнерлерін дүйім жұртқа паш етті. Сырлы поэзия, жанды дауыс, мөлдір әуен, ғашықтардың аурасы келген оқырмандарға романтикалық әсер сыйлағаны анық. Кеш соңында оқырман қауым кітапхана ұжымына өз алғысын білдіріп, қимай тарасты. Өнерін ортаға салғандар мен поэзия оқыған жұптарға түрлі номинациялар табысталды. Бүгінгі кеш қазақ поэзиясының құдіретін сезінуге мүмкіндік берді деп сенемін. Әдебиетіміз жасай берсін! Жырларымыз жүрегімізден орын ала берсін! Электронды қалалық кітапхананың меңгерушісі Қыстаубай Нұрлан Олжабайұлы
 

Мақаланың шыққан күні: 18.04.2025

Қаралым саны: 18

Біз әлеуметтік желідеміз