8(7162)50-31-21

Көкшетау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесі» КММ

Бiздiң Қалалық ақпараттық
кiтапхана жүйесiнiң сайтына
қош келдiңiз!

«Кiтап дегенiмiз — алдыңғы
ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған
рухани өсиетi.
Кiтап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан
да тиылар едiк»
Ғабит Мүсiрепов

KÓKShETAÝ QALASYNYŃ QR-ELEKTRONDY KITAPHANASY

Экстремизм және терроризм

Қалалық орталық үлгілі кітапханасы «Экстремизм және терроризм» атты ақпараттық сағатын өткізді. Соңғы онжылдықта бүкіл әлемде терроризм мен экстремизмнің құбылысы, оның нысандары мен көріністері байқалуда. Ол мемлекеттің тұтастығына, қоғамның бірлігіне қатер төндіріп, зорлық-зомбылықпен, фанатизммен, өздерінің принциптерін қорғай алмайтынымен, ымыраға келмеуімен сипатталады. Қазақ халқы ертеден бірлік пен ынтымақтың, татулық пен тыныштықтың маңызын жете түсінген. Кемеңгер бабаларымыз қашанда «алтау ала болса ауыздағы кетер, төртеу түгел болса төбедегі келер» деп, елді ауызбірлікке шақырып отырған. Сондықтан барша қазақстандықтар үшін қастерлі тәуелсіздігіміздің нығаюы, елімізде ұлтаралық және дінаралық татулықтың сақталуы үшін бір кісідей атсалысуы – абыройлы парыз.

Осы іс-шараға діни істер басқармасының қызметкері Аязбаева Ақбота Алмасқызы және №13 мектептің 9-сынып оқушылары қатысты. Іс-шараға келген қонақ, оқушылармен сұхбаттасып сұрақ-жауап алмасты. Сонымен қатар, оқушылардың назарына тақырыпқа байланысты бейне сюжеттер көрсетілді.

Мақаланың шыққан күні: 18.04.2022

Қаралым саны: 11873

Біз әлеуметтік желідеміз