Әркiмнiң санасындағы спорт ұғымы — сан алуан, құдiретi жоғары. Мыңжылдық тарихы бар шахмат ойыны зейiндiлiктi дамытуға, әр алуан варианттарды жылдам әрi дәл есептей бiлуге, жеңiске жетуге деген ерiк-жiгердi қалыптастыруға көмектеседi. Шахмат — ғылыми ақыл-ой және халық шығармашылығы негiзiнде пайда болған ең танымал, қызықты спорт ойыны. Шахмат ойынын тақта үстiндегi соғыс деуге болады. Ойын тұңғыш рет 5 ғасырда Үндiстанда шыққан. Ежелден қалған аңыздар бойынша, шахматты ең алғаш болып бiздiң заманымызға дейiн 1000 жыл бұрын үндiстандық математик ойлап тауыпты. Шахмат ойынында «ақ жағы» мен «қара жағының» екi армиясы 64 шаршылы тақта үстiнде шайқасады. Ойынды екi ойыншы ойнайды. «Бiрiншi кезекте шахмат — ол күрес», шахмат адамды жылдам ойлауға, шешiм қабылдауға және қадам жасауға итермелейдi.
Мақаланың шыққан күні: 20.04.2021
Қаралым саны: 17322
Мекен–жайы:
Көкшетау қаласы, Потанин көшесі, 53 үй
Жұмыс уақыты:
Дс-Жм: 10:00-19:00
Сн: 10:00-18:00
Жк: Демалыс күн
Телефон:
8 (7162) 50-31-21
E-mail:
mbo_gibs_kokshetau@mail.ru