Орталық қалалық үлгiлi кiтапханасы "Кiтапхана және спорт" жобасы аясында қазақтың ұлттық күресiне арналған "Қазақтың ұлттық ойындары" атты спорт-круиз дайындады.
«Қазақ күресi» бойынша бiрiншi iрi жарыс 1938 жылы ауыл шаруашылығы аймақтары арасындағы спартакиада аясында өткен. «Қазақстан барысы» — ұлттық күрестi насихаттаудағы бiрегей жоба, елдiң көңiлiнен шығып, сүйiктi жарысына айналды. Жеңiске жеткен балуандар халық құрметiне бөлендi. Бұл ойын адамның денесiн ширатып, бұлшық еттердi қатайтады, төзiмдiлiкке, батылдылыққа, ептiлiкке, керек кезiнде тез ойланып, әдiс таба бiлуге машықтандырады.
Қазақ күресiнiң танымалдығын арттырып, мәртебесiн жоғарылатуда спорт мектептерi үлкен роль атқарады. Бiлiктi бапкер оқыту-жатығу жүйесiн күнделiктi жүйелi түрде жетiлдiре отырып, әр шұғылданушыны үлкен жүктемелердi меңгеруге дайындауы тиiс. Яғни, бұл кiлем үстiндегi белдесулер жоғары қарқындылықта өтетiн болғандықтан ұзақ уақыттар жүйелi түрде жаттығу қажет.
Мақаланың шыққан күні: 04.02.2021
Қаралым саны: 16838
Мекен–жайы:
Көкшетау қаласы, Потанин көшесі, 53 үй
Жұмыс уақыты:
Дс-Жм: 10:00-19:00
Сн: 10:00-18:00
Жк: Демалыс күн
Телефон:
8 (7162) 50-31-21
E-mail:
mbo_gibs_kokshetau@mail.ru