8(7162)50-31-21

Көкшетау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесі» КММ

Бiздiң Қалалық ақпараттық
кiтапхана жүйесiнiң сайтына
қош келдiңiз!

«Кiтап дегенiмiз — алдыңғы
ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған
рухани өсиетi.
Кiтап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан
да тиылар едiк»
Ғабит Мүсiрепов

KÓKShETAÝ QALASYNYŃ QR-ELEKTRONDY KITAPHANASY

"Қазақтың ұлттық ойындары"спорт-круиз

Орталық қалалық үлгiлi кiтапханасы "Кiтапхана және спорт" жобасы аясында қазақтың ұлттық күресiне арналған "Қазақтың ұлттық ойындары" атты спорт-круиз дайындады.

«Қазақ күресi» бойынша бiрiншi iрi жарыс 1938 жылы ауыл шаруашылығы аймақтары арасындағы спартакиада аясында өткен. «Қазақстан барысы» — ұлттық күрестi насихаттаудағы бiрегей жоба, елдiң көңiлiнен шығып, сүйiктi жарысына айналды. Жеңiске жеткен балуандар халық құрметiне бөлендi. Бұл ойын адамның денесiн ширатып, бұлшық еттердi қатайтады, төзiмдiлiкке, батылдылыққа, ептiлiкке, керек кезiнде тез ойланып, әдiс таба бiлуге машықтандырады.

Қазақ күресiнiң танымалдығын арттырып, мәртебесiн жоғарылатуда спорт мектептерi үлкен роль атқарады. Бiлiктi бапкер оқыту-жатығу жүйесiн күнделiктi жүйелi түрде жетiлдiре отырып, әр шұғылданушыны үлкен жүктемелердi меңгеруге дайындауы тиiс. Яғни, бұл кiлем үстiндегi белдесулер жоғары қарқындылықта өтетiн болғандықтан ұзақ уақыттар жүйелi түрде жаттығу қажет.

Мақаланың шыққан күні: 04.02.2021

Қаралым саны: 15512

Біз әлеуметтік желідеміз