8(7162)50-31-21

Көкшетау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесі» КММ

Бiздiң Қалалық ақпараттық
кiтапхана жүйесiнiң сайтына
қош келдiңiз!

«Кiтап дегенiмiз — алдыңғы
ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған
рухани өсиетi.
Кiтап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан
да тиылар едiк»
Ғабит Мүсiрепов

KÓKShETAÝ QALASYNYŃ QR-ELEKTRONDY KITAPHANASY

«Сұлтан Бейбарыс – Мысыр билеушісі»

Биыл Ұлы дала топырағында туып, Мысырды билеген әйгілі әз-Заһир Сұлтан Бейбарыстың туғанына 800 жыл толып отыр. Дүниені дүбірлеткен Бейбарыс бабамыз бүгінгі ұрпақ біз үшін қашан да мақтаныш. Сондықтан да оның ерлік тарихын жаңғыртып отыру, кейінгілерге жеткізу әрі өз тарихын, Отанын, ата-бабасын сыйлаған ұрпақтың қастерлі міндеті. Сол себепті де тарихтың сарғайған беттерін қайыра парақтап, қадір-қалімізше Бейбарыс бабамыз жайлы толғауды жөн санап, Қалалық орталық үлгілі кітапханасында Шоқан Уәлиханов атындағы университеті ректорының орынбасары, тарихшы-ғалым Сейітқасымов Аманбай Асылбайұлы, Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің «Халықаралық қатынастар, тарих және әлеуметтік жұмыс» кафедрасының оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі Кенжебек Дінмұхамед Қанатбекұлы, Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесінің директоры Жетпісқалиев Серік Сапарұлы, Жоғары техникалық колледжінің студенттері, кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Сұлтан Бейбарыс – Мысыр билеушісі» атты дөңгелек үстел өтті.

Іс-шара барысында Сұлтан Бейбарыс туралы слайд, видео көрсетілді. Сөз алған Сейітқасымов А.А. мұндай іс-шаралар өткізудің аса маңызды екеніне тоқтала келіп, өткен тарихымызды тануға, тарихи тұлғалар туралы тың деректерді білуге мүмкіндік беретіндігімен өте құнды екендігін, жастар үшін ғибрат екенін айтты. Ата-бабалар мұрасын зерттеп, кейінгі ұрпаққа жеткізу керектігіне тоқталып өтті.

Кенжебек Д.Қ. өз сөзінде іс-шараға қатысушы жастарға Сұлтан Бейбарыс туралы біраз мағлұмат беріп, Бейбарыс билік құрған 17 жыл ішінде Египетті қуатты державаға айналдырғанын, ол армия, флот құрып, жолдарды ретке келтіргенін, ойлы да кемеңгер мемлекет қайраткері болғанын, батыр да жігерлі қолбасшы екенін айтып берді.

Жетпісқалиев С.С. іс-шараға қатысқан қонақтарға алғысын білдіріп, өзінің шығарған өлеңін оқып берді.

Бейбарыс әуелі ол елдің әл-ауқатын көтерді. Жастайынан жат елге құл болып сатылып барса да, тектілігін танытып, қажымас қайраттың, мұқалмас жігердің үлгісін көрсетіп, билік басына көтерілген мәмлүк қыпшақтардың рухы тек арада жеті ғасыр өткенде ғана Бейбарыс деген есіммен атамекеніне оралды. Қазір өзінің кіндік қаны тамған жерінде – Жайық өзенінің жағасындағы Атырау қаласында биік тұғырға орныққан Бейбарыстың ескерткішке айналған алып тұлғасы тәуелсіз елдің айбарындай асқақ.

Өз заманынан озып туған, ерекше тұлға — Бейбарыс сұлтанның даңқы асып бүгінгі күнге жетті. Батыр бейнесі, іс-әрекеті ұрпағына үлгі болып қалды. Тек үлгі болып қана қоймай, Отан, туған жер, ұлттық ар-намыс, парыз туралы ойлануына себеп болды. Сонымен қатар әлемге қазақ халқын танытқан тарихи құндылығымызға – Ұлы дала елінің барысына айналды.

Мақаланың шыққан күні: 09.06.2023

Қаралым саны: 5682

Біз әлеуметтік желідеміз