8(7162)50-31-21

Көкшетау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесі» КММ

Бiздiң Қалалық ақпараттық
кiтапхана жүйесiнiң сайтына
қош келдiңiз!

«Кiтап дегенiмiз — алдыңғы
ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған
рухани өсиетi.
Кiтап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан
да тиылар едiк»
Ғабит Мүсiрепов

KÓKShETAÝ QALASYNYŃ QR-ELEKTRONDY KITAPHANASY

«Сыбайлас жемқорлықпен күрес- көптің ісі»

Қазiргi кезде сыбайлас жемқорлық әлемнiң кез келген елiнде оның саяси дамуына байланыссыз, оның iшiнде Қазақстанда да, әлеуметтiк құбылыс ретiнде өмiрiн жалғастырып келедi, ол тек ауқымдылығымен ғана ерекшеленедi. Сыбайлас жемқорлық әлеуметтiк-экономикалық даму үдерiсiн, нарықтық экономиканың құрылуын, инвестициялар тарту процесiн тежейдi. Демократиялық мемлекеттiң саяси және қоғамдық институттарына керi әсерiн тигiзедi, елдiң болашақ дамуына елеулi қауiп төндiредi. Қазақстанның мемлекеттiк саясатының негiзгi басымдықтарының бiрi сыбайлас жемқорлықпен күрес болып табылады. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы iс-қимыл бiлiктiлiгiн арттыру мақсатында «Достар» МС жанындағы қалалық үлгiлi кiтапханада12 наурыз күнi «Жемқорлықты жою — даму кепiлi» атты сұрақ-жауап сағаты өткiзiлдi. Iс-шараға заңгер Мұхамеджанов Асет Жұмабайұлы, №1 Құрылыс техникалық колледжiнiң 2 курс студенттерi, №8 орта мектептiң жоғары сынып оқушылары қатысты. Сұрақ-жауап сағатында оқырмандар заңгерге толғандырған сұрақтарын қойды. Заңгер жемқорлыққа қарсы заңнаманы, сыбайлас жемқорлық туралы ұғымды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимылдар бойынша шараларды жетiлдiру, студенттер арасында заңдылық пен жемқорлыққа қарсы тәртiп, сыбайлас жемқорлық құбылыстарына қарсы әрекет ете бiлудi түсiндiрiп кеттi.

Сыбайлас жемқорлыққа шек қою, оның алдын алу, қылмыс әрекет екендiгi туралы ақпарат беру бойынша орталық қалалық үлгiлi балалар және жасөспiрiмдер кiтапхана ұжымы да жұмыс iстеп келедi. Соның бiр дәлелi 2018 жылдың 13 наурызында «Сыбайлас жемқорлықпен күрес- көптiң iсi» атты ақпарат өткiзiлдi. Ертеңгi ұрпаққа еңсесi биiк, әлеуеттi, дамыған сыбайлас жемқорлық дертiнен толық арылған мықты мемлекеттi аманат етемiз десек, ұлт келешегiнiң тағдырын тұмандататын сыбайлас жемқорлық сияқты залалдың алдын алуға жалпы халық болып күресуiмiз №21 орта мектеп оқушыларын шақырдық. Балаларға «жемқоллыққа қарсымыз» деген ұранмен буклеттер таратылып, қысқаша бейне-фильмдер көрсетiлдi.Iс-шара мақсаты:Сыбайлас жемқорлықпен күресу елi¬мiздiң бүгiнгi күнгi күрделi мәселелерiнiң бiрi болып отыр. Сондықтанда балаларға қазiргi кезден бастап саналарына ақыл-кеңестер көбiрек айту, заңға бағынып орындау керектiгiн мағлұмат беру болып табылады.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзiнiң «Қазақстанның үшiншi жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабiлеттiлiк» атты Жолдауында

«Елдегi сыбайлас жемқорлық деңгейiн төмендету бағытында елеулi қадамдар жасадық. Алайда, басты назар көбiне сыбайлас жемқорлықтың салдарларымен күресуге аударылып отыр. Сыбайлас жемқорлықтың себептерi мен алғышарттарын анықтап, оларды жою жұмысын күшейту қажет» деп айтып өткен болатын. Осы орайда елiмiзде түрлi шаралар ұйымдастырылып келедi. Жолдауда берiлген мiндеттердi iске асыру үшiн 14 наурыз күнi Қалалық үлгiлi қазақ кiтапханасында «Жемқорлыққа қарсы күресейiк» атты ашық алаң өткiзiлдi. Iс-шара мақсаты: Өскелең ұрпаққа сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жолдарының маңызын түсiндiру.

Аталмыш iс-шараға Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгi Ақмола облысы бойынша департаментiнiң бас маманы Беккажанова Сая Қуанышбекқызы, «Жiгер» жас мемлекеттiк қызметкерлер клубының мүшелерi, Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары педагогикалық колледжiнiң оқытушысы, филология ғылымдарының магистрi Иманбаев Қуаныш Қожабайұлы, колледж студенттерiнен құрылған «Ар-намыс» саяси клубының мүшелерi, Ш.Уәлиханов университетiнiң жалпы тарих және философия кафедрасының аға оқытушысы, гумманитарлық ғылымдар магистрi, «Болашақ» Халықаралық стипендиясының иегерi Уәлиев Талапкер Асқарұлы және қала студенттерi мен кiтапхана оқырмандары қатысты. Iс-шара барысында сыбайлас жемқорлық тақырыбын қозғайтын бiрқатар сұрақтар қойылды, қатысушылар өз пiкiрлерiн бiлдiрiп, сауалдарына толық жауап алды. Шарада сыбайлас жемқорлықпен күресу үшiн халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсiндiру жұмысының деңгейi мен сапасын арттыру керектiгiнiң маңызы зор екендiгi жайлы айтылды.

Мақаланың шыққан күні: 13.03.2018

Қаралым саны: 52228

Біз әлеуметтік желідеміз