8(7162)50-31-21

Көкшетау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесі» КММ

Бiздiң Қалалық ақпараттық
кiтапхана жүйесiнiң сайтына
қош келдiңiз!

«Кiтап дегенiмiз — алдыңғы
ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған
рухани өсиетi.
Кiтап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан
да тиылар едiк»
Ғабит Мүсiрепов

KÓKShETAÝ QALASYNYŃ QR-ELEKTRONDY KITAPHANASY

«ТАРИХ ТОЛҚЫНЫНДА»

«Салтанат» сарайы жанындағы қалалық үлгілі кітапханасы Орта Азия және Қазақстаннан шыққан ғылым — білім білгірі, майталман қолбасшы, тарихшы, әдебиетші, мемлекет қайраткері М.Х. Дулатидың 525 жылдығына арнап «Тарих толқынында» атты тарихи досье ұйымдастырды.   

Мақсаты Ұлы ойшыл, көрнекті мемлекет қайраткері М.Х. Дулатидың өмірі, шығармашылығынан мәлімет бере отырып, жастарды отансүйгіштікке, елжандылыққа, ғылым-білімге ұмтылуға тәрбиелеу болып табылды.                    

Кітапханашылар шараға қатысқан Шоқан Уәлиханов университетінің студенттеріне қазақ хандығының құрылуы туралы мәлімет беретін аса құнды еңбегі «Тарих-и-Рашиди» туралы ақпарат беріп, М.Х. Дулатидің негізгі еңбегінің тарихи маңызы мен құндылығын түсіндірді, кітап көрмесімен таныстырды.                                                                               

Жастардың назарына әйгілі тарихшы, әдебиетші, философ, ғұлама ақын, дипломат, ұлы ойшыл ғалым туралы бейнеролик ұсынды.

Мақаланың шыққан күні: 15.04.2024

Қаралым саны: 109

Біз әлеуметтік желідеміз