Тәуелсіздік – ең алдымен қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Сондықтан да біз үшін Тәуелсіздік күні – ең қастерлі күн. Біз бүгінгі барлық жетістіктерімізге Тәуелсіздіктің арқасында қол жеткіздік. Тәуелсіздік – тәңірдің біздің ұрпаққа берген үлкен бақыты, халқымыздың мәңгілік құндылығы. Бірлік қалалық үлгілі кітапханасы Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіз елім-Қазақстан» атты іс-шара өткізді. Шараға кітапхана оқырмандары қатысты. 22 орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі М.Е Сапаров баяндама жасады, осы мектептің оқушылары Отан,Тәуелсіздік туралы өлендер оқыды.Біржан сал атындағы музыкалық колледжінің студенттері күй тартып,ән орындады. Шара соныңда Көкшетау қаласының ақпараттық кітапхана жүйесінің басшысы С.С.Жетпісқалиев қатысушыларға алғыс хат табыстады.
Мақаланың шыққан күні: 09.12.2024
Қаралым саны: 335
Мекен–жайы:
Көкшетау қаласы, Потанин көшесі, 53 үй
Жұмыс уақыты:
Дс-Жм: 10:00-19:00
Сн: 10:00-18:00
Жк: Демалыс күн
Телефон:
8 (7162) 50-31-21
E-mail:
mbo_gibs_kokshetau@mail.ru