8(7162)50-31-21

Көкшетау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесі» КММ

Бiздiң Қалалық ақпараттық
кiтапхана жүйесiнiң сайтына
қош келдiңiз!

«Кiтап дегенiмiз — алдыңғы
ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған
рухани өсиетi.
Кiтап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан
да тиылар едiк»
Ғабит Мүсiрепов

KÓKShETAÝ QALASYNYŃ QR-ELEKTRONDY KITAPHANASY

ТІЛ - ТАТУЛЫҚ ТІРЕГІ

Қазақстан халқы тілдері күні мерекесіне орай онкүндік аясында жас ұрпақ санасына туған тіліне деген құрмет, сүйіспеншілік сезімдерін ұялату, оларды шешендік шеберлікке, сыни ойлауға баулу және көшбасшылық қасиеттерін дамыту мақсатында «Салтанат» сарайы жанындағы қалалық үлгілі кітапханасында «Тіл – татулық тірегі» тақырыбында дебат өткізілді.

Дебат ойынына Көкшетау қаласының № 9, №16 жалпы орта білім беретін мектебінің және №21 мектеп –лицейінің, Красный Яр ауылының №3 көпсалалы мектеп-гимназиясының оқушылары қатысты. Пікірталас барысында қатысушылар Әкім Ақтұйғын, Қалбаева Жансая, Қаир Дильназ, Жақсыбаева Айкүміс, Мырзаханова Толғанай, Мүбәрәк Мадина берілген қарарлар бойынша өз тұжырымдарын қорғап, қызу тартысқа түсті.

Тартымды өткен дебат турнирінің төрешілердің шешімімен жеңімпаздарға Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесінің атынан І-ші, ІІ-ші, ІІІ-ші дәрежелі дипломдары табысталды. І-ші орын   Красный Яр ауылының №3 көпсалалы мектеп-гимназиясының оқушыларына, ІІ-ші орын Көкшетау қаласының №9 жалпы орта білім беретін мектебіне, ІІІ –ші орын Көкшетау қаласының №21 мектеп-лицейінің оқушыларына тиесілі болды. Көкшетау қаласының №16 жалпы орта білім беретін мектебінің оқушылары белсене қатысқаны үшін дипломмен марапатталды. Барлық ойыншыларға шараны ұйымдастыруға қолдау танытқан Жастар ресурстық орталығынан сыйлық табысталды.

Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесінің басшысы Серік Сапарұлы Жетпісқалиевтің атынан шараны ұйымдастыруға қолдау танытқан Көкшетау қалалық «Жастар ресурстық орталығы» КММ директоры Ерден Нұртайұлы Нұрмұхамет пен Көкшетау пікір сайыс федерациясының директоры Берікбол Ерасылға алғыс хат табысталды.

Мақаланың шыққан күні: 06.09.2024

Қаралым саны: 1859

Біз әлеуметтік желідеміз