8(7162)50-31-21

Көкшетау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесі» КММ

Бiздiң Қалалық ақпараттық
кiтапхана жүйесiнiң сайтына
қош келдiңiз!

«Кiтап дегенiмiз — алдыңғы
ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған
рухани өсиетi.
Кiтап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан
да тиылар едiк»
Ғабит Мүсiрепов

KÓKShETAÝ QALASYNYŃ QR-ELEKTRONDY KITAPHANASY

«ТУҒАН ӨЛКЕНІ ЗЕРДЕЛЕГЕН ҒАЛЫМ»

Орталық қалалық үлгілі кітапхана қызметкерлері Көкшетау қаласының құрметті азаматы, көп жылдар бойы Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің тарих кафедрасын басқарған профессор, тарих ғылымдарының докторы Қадыржан Қабиденұлы Әбуевтің 85 жылдығына арналған «Туған өлкені зерделеген ғалым» атты еске алу кешін ұйымдастырды.  

Іс-шараға жиналған әріптестері, достары, шәкірттері: Көкшетау университеті ректорының кеңесшісі — Аманбай Асылбайұлы Сейтқасымов, Көкшетау университеті педагогикалық институтының директоры – Ақтоба Тастанбекқызы Бексейітова, Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі — Марат Зеннатұлы Өтегенов, докторант, оқытушы – Ғалымтай Мәлікұлы Төлепбергенов, туған — туыстары: Сансызбай Қабиденұлы Әбуев естеліктерімен бөлісті.

Қадыржан Қабиденұлы жоғары оқу орнында тарих факультетінің ашылып, қалыптасу ісіне сүбелі үлес қосты. Өз мектебін қалыптастырды, біздің шынайы тарихымызды қалпына келтіруді, сондай-ақ біздің тәуелсіздігіміз үшін жүздеген жылдар бойы күрескен, алайда бүгінгі күні ұмыт болған асыл ерлердің атын халық жадына қайтару мақсатында көптеген жұмыстар атқарды.

Кездесуге Ш.Уәлиханов атындағы ҚМУ тарих факультетінің студенттері, оқырмандар қатысып, Қадыржан Қабиденұлының өмірі мен шығармашылығы, ғылыми еңбектерімен, мерзімді басылым беттеріндегі мақалалар қойылған кең ауқымды кітап көрмесімен танысты.

Мақаланың шыққан күні: 20.12.2023

Қаралым саны: 2489

Біз әлеуметтік желідеміз