8(7162)50-31-21

Көкшетау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесі» КММ

Бiздiң Қалалық ақпараттық
кiтапхана жүйесiнiң сайтына
қош келдiңiз!

«Кiтап дегенiмiз — алдыңғы
ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған
рухани өсиетi.
Кiтап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан
да тиылар едiк»
Ғабит Мүсiрепов

KÓKShETAÝ QALASYNYŃ QR-ELEKTRONDY KITAPHANASY

Табиғат тағдары – адам тағдары

Табиғатқа ұқыпты қарау, әрқашан жалпыадамзаттық құндылық болып саналады. Әр адам бала кезінен бастап табиғатпен қарым-қатынас ережелерін сақтап, білуі керек. Қоғамның табиғатқа деген көзқарасы бойынша, адамдардың мәдениетінің деңгейін білуге болады. Балалар кітапханасы кітап көрмесінде табиғатты қалай сақтау керектігі туралы баяндайтын кітаптарды ұсынды. «Природа» энциклопедиясында жер планетасы неден тұрады, құрлықта, суда және ауада кімдер мекендейтіні туралы мәліметтер берілген.«Заповедники и национальные парки Казахстана» кітабында республиканың 10 қорығы мен 8 ұлттық паркі туралы баяндалған. «По страницам Красной книги Казахстана» еліміздегі жойылып бара жатқан жануарлар түрлері туралы ақпарат беретін басылым.«Растительный мир Казахстана»   иллюстрацияланған энциклопедияда еліміздің ландшафттық аймақтарында өсетін флораның ең жарқын өкілдері туралы мәліметтер бар.Табиғатты бірге сақтайық!

 

Мақаланың шыққан күні: 26.01.2021

Қаралым саны: 16711

Біз әлеуметтік желідеміз