8(7162)50-31-21

Көкшетау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесі» КММ

Бiздiң Қалалық ақпараттық
кiтапхана жүйесiнiң сайтына
қош келдiңiз!

«Кiтап дегенiмiз — алдыңғы
ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған
рухани өсиетi.
Кiтап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан
да тиылар едiк»
Ғабит Мүсiрепов

KÓKShETAÝ QALASYNYŃ QR-ELEKTRONDY KITAPHANASY

«Өмiрi өзгеге өнеге» тақырыптық кеш

Зағип және нашар көретiн азаматтардың қалалық арнаулы кiтапханасы Елбасының "Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" бағдарламасы және "Жанға шипа, көңiлге медет кiтаптар" кiтапхана жобасы аясында I топтағы зағип, тоғыс құмалақ ұлттық ойынын жақсы көретiн, кiтапхана оқырманы, Брайл жүйесi бойынша жазу және оқу облыстық сайысының қатысушысы, Оқу-өндiрiстiк кәсiпорынның қызметкерi және Қазақ зағиптар қоғам клубының Көркем өнерпаздар ұжымының қатысушысы Ахметжанов Нұрбектiң қатысуымен "Өмiрi өзгеге өнеге" тақырыптық кеш өткiздi. Iс шараға Ақмола облыстық Қазақ зағиптар қоғамының төрайымы Тәңiрбергенова М.В.; "Паралимпик" ҚБ меңгерушiсi Селиванов В.А., әрiптестерi, жолдастары қатысты. Iс шара барысында өмiрбаяны мен спорттағы, кәсiпорындағы жетiстiктерi мен болашақтағы жоспары жайлы айтылды.Ақмола облыстық Қазақ зағиптар қоғамының төрайымы Тәңiрбергенова М.В. және "Паралимпик" ҚБ менгерушiсi Селиванов В.А. сөз сөйлеп, Алғыс хаттар мен шағын сыйлықтар табыс еттi. "Гармония" көркем-эстетикалық клубының қатысушысы Светлана Оладько ән шәшуiн ұсынды. Әрiптестерi мен достары да құттықтады.Бейнефильм көрсетiлдi.

Мақаланың шыққан күні: 17.02.2021

Қаралым саны: 14345

Біз әлеуметтік желідеміз