8(7162)50-31-21

Көкшетау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесі» КММ

Бiздiң Қалалық ақпараттық
кiтапхана жүйесiнiң сайтына
қош келдiңiз!

«Кiтап дегенiмiз — алдыңғы
ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған
рухани өсиетi.
Кiтап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан
да тиылар едiк»
Ғабит Мүсiрепов

KÓKShETAÝ QALASYNYŃ QR-ELEKTRONDY KITAPHANASY

«Терроризм — қазiргi жаһандық мәселе»

Соңғы кезде әлемнiң көптеген елдерi үшiн терроризммен күрес мәселесi аса өзектi болып отыр. Терроризм — бұл қылышынан қаны тамып тұрған зұлмат. Терроризм барлық түрлерi және көрiнiстерiмен, ауқымы және қарқындылығымен, зұлымдығы және қанiшерлiгiмен бүгiнгi заманда ең өткiр мәселеге айналды.

Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев өзiнiң қара сөздерiнде: «Адам баласын заман өсiредi, кiмде — кiм жаман болса, оған замандастарының бәрi кiнәлi» деп ұлағатты сөз айтты. Бұл жағдаят адам, қоғам, мемлекет дамуының маңызды қырларын ашып көрсетедi. Сондықтан, мемлекеттiң жастарды тәрбиелеуге, тәнi сау және рухани бай жастар ортасын қалыптастыру үшiн қолайлы жағдайлар жасауға ерекше көңiл бөлуi өте маңызды.

Осы тақырыпта, Орталық қалалық балалар және жасөспiрiмдер үлгiлi кiтапханасы Ақмола облысы Дiн iстерi басқармасының "Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығы" КММ-нiң Ақпараттық насихат бөлiмiнiң басшысы Нұржан Бауыржанұлы Мұратовтың қатысуымен «Терроризм — қазiргi жаһандық мәселе» тақырыбында ақпараттық досье өткiздi. Басты мақсат жанашырлыққа, бейбiт рухтағы адами қасиеттерге тәрбиелеу, жастарды осындай жат дiни ағымдардан аулақ болуға шақыру, бейбiтшiлiк пен тұрақтылыққа төнген қауiп, дiни экстремизм, терроризм туралы кiтаптарды насихаттау болып табылды. Курсанттар назарына терроризм тақырыбындағы кiтаптар көрмесi ұсынылды.

Арнайы шақырылған маман иесi, ҚР ТЖМ Мәлiк Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының курсанттарына экстремизм мен терроризмге түспеудiң басты жолы терең бiлiм екенiн жеткiздi. Сарбаздарға терроризм туралы түсiнiк берiп, оның түрлерi, себептерi мен зардаптарын ұғындырды. Жастарды жат дiни ағымдардан сақтандырып, экстремизм мен терроризмдi насихаттайтын интернет ресурстарының қауiптiлiгi туралы ақпарат бердi. Заңды бiлмеу жауапкершiлiктен босатпайтынына аса мән берiп, ҚР Қылмыстық кодексiнiң 174, 256, 258, 259,273 баптарына жеке-жеке тоқталды.

Iс шараға қатысқан кiтапхана оқырмандары, жас сарбаздар, көкейлерiндегi сұрақтарына тұшымды жауаптар алды.

Мақаланың шыққан күні: 18.08.2022

Қаралым саны: 11949

Біз әлеуметтік желідеміз