Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесінің «Тіл биіктесе – Ту биіктейді!» атты поэзиялық кеш өтті. Іс-шара «Достар» МҮ-нің мың бұралған биші қыздары көрсеткен «Шашу» биімен және Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясының дәстүрлі әншісі Шыңғыс Сәрсембаевтың асқақтата шырқаған әнімен ашылды! Жабал Ерғалиев, Нұртас Ахат , Айгүл Баубекқыздарының іс-шара, оның мән-мақсаты жайлы сөйлеген сөзінен соң, Ж.Мусин атындағы жоғары қазақ педагогикалық колледжі мен Ақан сері атындағы Көкшетау мәдениет колледжінің студенттері Сәкен Сейфуллин, Еркеш Ибраһим, Төлеген Қажыбай сияқты ақындардың шығармашылығына кезек берді. Күйші қызымыз – Әйгерім Шалқарованың өнеріне тәнті болмаған адам жоқ! Үкілі Ыбырай атындағы филармонияның симфониялық оркестрі шалқытқан әуеннің ырғағында Мерген Тоқсанбай , Бақытбек Бекмұратұлы , Серғазы Қайырболды , Манарбек Қыдырбайұлы , Мұхаммед Қонкаев , Нұрислам Әбділ , Ұлмекен Тыныштыққызы секілді ақындарымыз өлеңнің тиегін ағытып бір жіберді дерсің! Нұрбек Нұралы, Құдайберлі Мырзабек , Серік Жетпісқалиев сынды алдыңғы толқын да өлең оқып, ықылас-ниетін, лебізін білдірді. Арнайы қойылған кітап көрмесі де іс-шараның мазмұнын аша түсті деп айта аламыз. Аталмыш іс-шараға қолдау көрсеткен Көкшетау Қаласының Мәдениет Бөлімі басшысы Күнім Уразбаева ханымға ерекше алғыс айтамыз! Толық фото, бейне түсірілім жасаған «Көкше Контент» ақпарат агенттігі ұжымына көп рахмат! Әлеуметтік желіден хабардар боп келген көрермен қарасы өте көп болды, соған марқайдық. Аман болыңыздар, тіл жанашырлары!
Мақаланың шыққан күні: 15.09.2021
Қаралым саны: 14845
Мекен–жайы:
Көкшетау қаласы, Потанин көшесі, 53 үй
Жұмыс уақыты:
Дс-Жм: 10:00-19:00
Сн: 10:00-18:00
Жк: Демалыс күн
Телефон:
8 (7162) 50-31-21
E-mail:
mbo_gibs_kokshetau@mail.ru