8(7162)50-31-21

Көкшетау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесі» КММ

Бiздiң Қалалық ақпараттық
кiтапхана жүйесiнiң сайтына
қош келдiңiз!

«Кiтап дегенiмiз — алдыңғы
ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған
рухани өсиетi.
Кiтап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан
да тиылар едiк»
Ғабит Мүсiрепов

KÓKShETAÝ QALASYNYŃ QR-ELEKTRONDY KITAPHANASY

«Тіл реформасынын бір сатысы»

25 қазан күнi Көкшетау қаласының мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi мен қалалық орталық кiтапханасының бiрлесiп, ұйымдастыруымен «Тiл —реформасының бiр сатысы» атты дөңгелек үстел болып өттi.

Дөңгелек үстелдiң мақсаты: латын әлiпбиi — Ұлы дала елiн әлемдiк өркениетпен қабыстыратын алтын көпiр екендiгiн таныту. Мемлекеттiк тiлдi латын қарпiне көшу қазақ тiлiнiң дамуының маңызы зор екендiгiн жеткiзу.

Латын алфавитiне көшу — тек қазақ тiлi ғана емес, қазақ қоғамын жаңғырту бағытындағы маңызды бетбұрыс.Сондықтан, күн тақырыбында өткiр тұрған, бүгiнде қоғамда қызу талқыланып жатқан латын әлiпбиiне көшу мәселесiне байланысты ой қозғау үшiн көптi көрген көзi ашық, көкiрегi ояу азаматтарды арнайы шақырылып, кеңiнен талқыланды. Аталмыш құжат қаншама рухани сұрақтарға жауап алды. Президентiмiздiң атап өткен басты қағидасы — Қазақстан мәдениетiн әлемге таныту» десе, «Болашақ ұрпақтың ақпарат алмасу, бiлiм алу, шығармашылықпен айналысу факторы ретiнде бұл мәселеге барынша жауапкершiлiкпен қарау заман талабы. Әлем елдерiнiң 70 пайызға жуығы латын әрiптерiн қолданады. Қалай болғанда да латын қарпiне көшу түркi халықтарына ортақ жазу қалыптастыруға, шетелдегi қандас бауырларымыздың шығармаларымен емiн-еркiн танысуға оң ықпалын тигiзетiнi анық», — дедi өз сөзiнде Ақын, жыршы Есекеев Жұмабай Есекейұлына. Филология ғылымдарының кандидаты, Ш.Уәлиханов атындағы мемлекеттiк университетiнiң доцентi Есмағұлов Аманжол Ыдырысұлы «Қазiргi уақытта латын әрпiн қолдану, ең алдымен, заман талабы болып отыр. Сондықтан да заманауи технологияларға тәуелдi екенiмiздi мойындап, кез келген жаңа дүниелермен санасуымыз керек», деген тiлегiн жеткiздi. №18 мектептiң қазақ тiлi мен әдебиетi пәнiнiң мұғалiмi Қамашева Бағлан Шекешқызы «Қоғамдық сананы өзгертуге бағытталған Елбасының мақаласы Қазақстанда барлық мемлекеттiк бағдарламалардың идеологиялық негiзiн құрайды. Президент өз еңбегiнде алдымызға бiрнеше мiндет қойды. Ең алғашқысы — ол бәсекеге қабiлеттi елге айналу. Ол үшiн заманауи технология мен тiлдердi меңгеру қажет. Аз уақытта мол жетiстiкке жеткен мемлекеттер осы басты қағидаларды ұстана отырып, дамыған елдердiң қатарына ендi. Сондықтан Елбасымыз бiзге осындай талап қойды».

Дөңгелек үстел барысында латын графикасына негiзделген қазақ әлiпбиiне көшудiң қажеттiлiгi, қазiргi қолданыстағы кириллицадан бас тартудың себептерi, латын графикасына негiзделген қазақ әлiпбиiн халықтың игерiп кетуi секiлдi мәселелер төңiрегiнде кеңiнен қозғалды. Сондай-ақ, өзге елдердiң әлiпби ауыстыру тәжiрибелерiнiң зерттелуiне байланысты бiрқатар пiкiрлер айтылды. Дөңгелек үстелге Жанайдар Мусин атындағы қазақ педагогикалық колледж және Жоғары техникалық мектеп студенттерi шақырылды.

Мақаланың шыққан күні: 25.10.2017

Қаралым саны: 44547

Біз әлеуметтік желідеміз