Электронды қалалық кітапхана «Төрле, Наурыз,салтанатты салтымыз! » этноlife өткізді. Іс-шараның мақсаты: Оқырмандарды Наурыз мерекесінің тарихымен таныстыру, өз елі үшін мақтаныш сезімін тәрбиелеу, өз халқының салт-дәстүрлерін білу және құрметтеу. Олар Наурызды қалай қарсы алады, мерекеге кім келеді, бұл мерекені қандай дәстүрлер сақтайды. Наурыз-жақсылық пен бақыт мерекесі, табиғаттың жаңару мерекесі. Бұл шығыс күнтізбесі бойынша жаңа жылдың басы. Содан кейін дәстүр бойынша Көрісу рәсімін өткізді. Бұл дәстүрлі көрісу, яғни жыл жаңарғандағы бірінші кездесу, адамдардың былтырдан бергі бірінші көріскен күні. Осы күннен бастап былтырдан бері көріспеген адамдар бір-бірімен қол беріп, үлкен адамдар құшақтасып, төс түйістіріп, амандасып, көрісу ырымын жасайды. Үлкені кішісіне міндетті түрде «Жас қайырлы болсын!» айтады. Яғни «жалпы қауымға жаңа жыл келді, адамдарға бір жас қосылды, осы жас қайырлы болып келсін, келер жылға аман-есен жетейік» деген тілеу.
Мақаланың шыққан күні: 12.03.2021
Қаралым саны: 15800
Мекен–жайы:
Көкшетау қаласы, Потанин көшесі, 53 үй
Жұмыс уақыты:
Дс-Жм: 10:00-19:00
Сн: 10:00-18:00
Жк: Демалыс күн
Телефон:
8 (7162) 50-31-21
E-mail:
mbo_gibs_kokshetau@mail.ru