8(7162)50-31-21

Көкшетау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесі» КММ

Бiздiң Қалалық ақпараттық
кiтапхана жүйесiнiң сайтына
қош келдiңiз!

«Кiтап дегенiмiз — алдыңғы
ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған
рухани өсиетi.
Кiтап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан
да тиылар едiк»
Ғабит Мүсiрепов

KÓKShETAÝ QALASYNYŃ QR-ELEKTRONDY KITAPHANASY

«Туған жер өңiрi»

Станционды қалалық үлгiлi кiтапхана "Туған жер өңiрi" атты ашық әдеби көрсетiлiм ұсынады.Жазушы,аудармашы,сценарист,ақын Б.Қанапьяновтың шығармашылығы сан қырлы.Туған елге қызмет ету  — Бақытжан Қанапьяновтың поэзиясында басым. Уақыт өте келе жазушы ұлттық құндылықтарға аса мән бере бастады, бiрақ ойлау көкжиегi адами қасиеттерге негiзделдi. Ақынның өлеңдерi әлемнiң бiрнеше тiлiне аударылып, қалың оқырманға жол тартқан. Оның мынадай поэтикалық кiтаптары бар:«Ночная прохлада», «Отражения», «Чувство мира»,«Ветвь» ,«Линия судьбы»,«Аист над Припятью: стихи и проза»,«Кочевая звезда: стихи и поэмы»,«Горная окраина»,«Время тишины»,«Над уровнем жизни»,«Тикшырау»,«Каникулы кочевья»,«Плывут облака»,«Смуглая Луна». 2020 жылдың желтоқсан айында ақынның "Достояние души" кiтабы әдебиет пен өнер саласындағы үздiк шығармаларға берiлетiн мемлекеттiк Абай сыйлығына ұсынылды. Республикалық «Бiр ел — бiр кiтап» акциясы шеңберiнде таңдалған 30 кiтаптың iшiнде Бақытжан Қанапияновтың аталмыш туындысы бар.

Мақаланың шыққан күні: 25.01.2021

Қаралым саны: 15565

Біз әлеуметтік желідеміз