23 ақпан күні Орталық қалалық үлгілі кітапхана қызметкерлері қазақтың көрнекті ақыны және әнші-композитор, сазгері Біржан сал Қожағұлұлына 190 жылдығына арналған «Үш жүзді сайран қылған Біржан едім» атты әдеби-сазды сағат өткізді. Қазақ гуманитарлық-техникалық колледжінің студенттері Біржан Қожағұлұлының шығармашылығы мен өмірбаяны туралы ақпарат алып, музыкалық шығармаларын тыңдап, ақын туралы әдебиеттермен танысты. Іс-шара барысында Біржан сал атындағы музыкалық колледжінің ұстазы Эльмира Дулатқызының жетекшілігімен, Балтабек Ақбөпе, Қазымбек Ұлан, Мұрат Әлібидің орындауында «Айбозым», Қабиденов Дидар «Жоныпалды», Бек Нұрсұлтан «Бурылтай», Алмат Зере «Ғашығым», Төлебаев Райымбек «Теміртас» әндерін нақышына келтіріп айтып берді.
Мақаланың шыққан күні: 23.02.2024
Қаралым саны: 3726
Дс | 10:00-19:00 |
Сс | 10:00-19:00 |
Ср | 10:00-19:00 |
Бс | 10:00-19:00 |
Жм | 10:00-19:00 |
Сн | 10:00-18:00 |
Жк | Демалыс күн |
Мекен–жайы:
Көкшетау қаласы, Потанин көшесі, 53 үй
Жұмыс уақыты:
Дс-Жм: 10:00-19:00
Сн: 10:00-18:00
Жк: Демалыс күн
Телефон:
8 (7162) 50-31-21
E-mail:
mbo_gibs_kokshetau@mail.ru