8(7162)50-31-21

Көкшетау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесі» КММ

Бiздiң Қалалық ақпараттық
кiтапхана жүйесiнiң сайтына
қош келдiңiз!

«Кiтап дегенiмiз — алдыңғы
ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған
рухани өсиетi.
Кiтап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан
да тиылар едiк»
Ғабит Мүсiрепов

KÓKShETAÝ QALASYNYŃ QR-ELEKTRONDY KITAPHANASY

«Ұлт көсемі - Әлихан» онлайн конференция

«Биыл тарихи тұлға Әлихан Бөкейханның туғанына 155 жыл. Ол халқымыздың біртуар перзенті, Алаш қозғалысының негізін қалаушы. ХХ ғасырдың басында Әлихан бастаған қазақ интеллигенциясы уақытында тынымсыз еңбек етті», — деп жазды Президент Twitter-дегі парақшасында. Қалалық  орталық  үлгілі   кітапханасы көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ұлт-азаттық қозғалысының негізін салушы және Алаш қозғалысының жетекшісі Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхановтың 155 жылдығына арналған «Ұлт көсемі - Әлихан» атты онлайн конференция ұйымдастырды. Конференцияға С. Аманжолов  атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің профессоры, тарих ғылымының докторы,  Игібаев Советхан Қабдуалиұлы,  Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің жалпы тарих және әлеуметтік жұмыс кафдрасының    гуманитарлық ғылымдар магистрі, аға оқытушы  Төлепберген Ғалымтай Мәлікұлы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі журналист, ақын Баятұлы  Ерболат , Әлихан Бөкейхановтың ауыр өмір жолы, тәуелсіз қазақ халқының тарихына қосқан үлесі туралы баяндамасымен Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің халықаралық қатынастар тарих және әлеуметтік жұмыс кафдрасының    аға оқытушысы Бекешев Қуандық Омарұлы , Ж.Мусин атындағы жоғары қазақ педагогикалық колледжісінің тарих пәнінің оқытушысы Тайманова Айнұр Талғатқызы, Көкшетау қаласының ақпараттық   кітапханалар жүйесінің директоры Абишева Айгүл Амангелдіқызы  қатысты.

Мақаланың шыққан күні: 26.03.2021

Қаралым саны: 15950

Біз әлеуметтік желідеміз