8(7162)50-31-21

Көкшетау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесі» КММ

Бiздiң Қалалық ақпараттық
кiтапхана жүйесiнiң сайтына
қош келдiңiз!

«Кiтап дегенiмiз — алдыңғы
ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған
рухани өсиетi.
Кiтап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан
да тиылар едiк»
Ғабит Мүсiрепов

KÓKShETAÝ QALASYNYŃ QR-ELEKTRONDY KITAPHANASY

Ұлт мақтанышы

Бүгін ұлт мақтанышы Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың туған күні.

Қазақ ғылымына өлшеусіз үлес қосқан, Қазақстан геологтары ғылыми мектебінің негізін қалаған, доктор, профессор, Қазақстан Ғылым академиясын ұйымдастырушылардың бірі әрі тұңғыш президенті, академик Қаныш Имантайұлының өмірі мен ғалым жайлы деректер оқырмандарды қашан да қызықтырары анық.

Ғұлама ғалымның туған күніне орай Красный Яр қалалық үлгілі кітапханасы "Ұлт мақтанышы" атты танымдық сағат ұйымдастырып, оқырмандармен ұлтымыздың біртуар тұлғасы жайлы мәліметтермен бөлісті.

" Қазақтың Қанышы" атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, көрмеге Қаныш елі, Қаныш Сәтбаев энциклопедиясы, Медеу Сәрсекенің "Дара дарын", "Сәтбаев" атты еңбектері, Алексей Брагин "Первый академик", Аңыз адам т.б.мерзімді басылым беттерінде жарық көрген мақалалар, ғалым жайлы айтылған пікірлер қойылды.

Мақаланың шыққан күні: 12.04.2022

Қаралым саны: 12932

Біз әлеуметтік желідеміз