8(7162)50-31-21

Көкшетау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесі» КММ

Бiздiң Қалалық ақпараттық
кiтапхана жүйесiнiң сайтына
қош келдiңiз!

«Кiтап дегенiмiз — алдыңғы
ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған
рухани өсиетi.
Кiтап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан
да тиылар едiк»
Ғабит Мүсiрепов

KÓKShETAÝ QALASYNYŃ QR-ELEKTRONDY KITAPHANASY

«Ұлы Даланың ұлы Тілі»

5 қыркүйек Қазақстан Республикасында тiлдер күнi болып бекiтiлдi. Тiлдер мерексiне орай Қалалық ақпараттық кiтапхана жүйесi «Ұлы Даланың ұлы Тiлi» Түркия, Англия, Польша, Нигерия елдерiнiң этникалық қазақ қоғамдықтарының, сондай — ақ Санкт — Петербург және Ленинград облысы бойынша «Ата-Мекен» қазақ ұлттық мәдени қоғамдық ұйымның қатысуымен халықаралық онлайн конференция ұйымдастырады.

Мақсаты: Ұлтаралық келiсiм мен тұрақтылықты сақтауға, мемлекеттiк және ана тiлiн меңгеруге және жетiлдiруге қолайлы жағдай жасауға, әр түрлi халықтардың салт-дәстүрлерi мен әдет-ғұрыптарының тәрбиелiк әсерiн кеңейтуге, тiлдердiң сан алуандығына саналы қарым-қатынасты қалыптастыруға, әр тiлде қарым-қатынас мәдениетiн дамытуға ықпал ету.

Тiл — ұлттың мақтанышы, тiрегi екендiгiне Санкт — Петербург және Ленинград облысы бойынша «Ата-Мекен» қазақ ұлттық мәдени қоғамдық ұйымның президентi Құспанов Сәрсенғали Аққұлұлы тоқталады.

Сонымен қатар онлайн конференцияға Түркия Анкара қаласы, Gazi Üniversitesi студентi Балауса Балшык, Нигерия мемлекетiнiң тұрғыны, тiл маманы Абдулл Керим, Польша қаласының тұрғыны Лашын Тұрапбаев қатысып, өз ойларымен бөлiстi.

Кiтапхана қызметкерi Гүлжанар Бодаубай қатысушыларға сұрактар қойып, сұхбат жүргiздi.

Iс-шара барысында Тiл — бiздiң ең қымбат қазынамыз, Туған тiлiмiздi жете бiлу арқылы өнер-бiлiмнiң, мәдениет пен ғылымның биiгiне жете алу мол мүмкiндiктiң бары айтылды.

Шара барысында «Тiл халық қазынасы» кiтап көрмесi ұйымдастырылып, интерактивттi тақтада «Ұлылар тiл туралы» Тiл көсемдерi: Ахмет Байтұрсынов, Абай Құнанбайұлының тiлдер туралы даналық сөздерi, «Тiлiм — менiң өзегiм» бейне ролик көрсетiлдi.

 

Мақаланың шыққан күні: 05.09.2020

Қаралым саны: 16654

Біз әлеуметтік желідеміз