8(7162)50-31-21

Көкшетау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесі» КММ

Бiздiң Қалалық ақпараттық
кiтапхана жүйесiнiң сайтына
қош келдiңiз!

«Кiтап дегенiмiз — алдыңғы
ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған
рухани өсиетi.
Кiтап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан
да тиылар едiк»
Ғабит Мүсiрепов

KÓKShETAÝ QALASYNYŃ QR-ELEKTRONDY KITAPHANASY

«Ұстаз тағылымы»

«Көкшенің асыл перзенттері» жобасы аясында Қалалық ақпараттық-кітапхана жүйесі Зейнелғабиден Әміреұлы әл-Жауаридің өмірі мен шығармашылығына арналған «Ұстаз тағылымы» атты танымдық кеш ұйымдастырды.

Шараға абайтанушының ұрпақтары: Роза Масчанова мен Клара Асқарова, сонымен қатар, кеш кейіпкері туралы кітаптың авторы Тұрсынбек Мәліков жазушының жары – Балкен Мәлікова қатысты.Жиналғандар назарына «Жанында елдің, ұлағат етер өр тұлға» деректі фильмі ұсынылды. Кеш қонағы Сәрсенбай Хасенов аталмыш фильмнің идеясы мен түсіріліміне тоқталды.

Кітап және басқа да материалдар көрмесіне шолуды кітапханашы Алтын Ілиясова жүргізді. Кештің тыңдармандары «Арна» Көкшетау жоғары колледжінің студенттері болды.

 

 

 

Мақаланың шыққан күні: 13.02.2023

Қаралым саны: 6173

Біз әлеуметтік желідеміз