8(7162)50-31-21

Көкшетау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесі» КММ

Бiздiң Қалалық ақпараттық
кiтапхана жүйесiнiң сайтына
қош келдiңiз!

«Кiтап дегенiмiз — алдыңғы
ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған
рухани өсиетi.
Кiтап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан
да тиылар едiк»
Ғабит Мүсiрепов

KÓKShETAÝ QALASYNYŃ QR-ELEKTRONDY KITAPHANASY

Жазушы Жәди Шәкенұлымен кездесу кеші

27 ақпан күнi Қалалық ақпараттық кiтапхана жүйесiмен,Көкшетау қаласының мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмiнiң қолдауымен Қазақстан Жазушылар одағының, Еуразия жазушылар одағының және Шыңжаң Жазушылар одағының мүшесi Жәди Шәкенұлымен «Қазақ жерi — мәңгiлiк бойтұмарым» атты кездесу кешi өткiзiлдi. Көкен Шәкейұлы атындағы ақындар мектебiнiң жетекшiсi Мұхаммед Қоңқаев жазушыға арнауын оқыды. Iс-шара басында жазуышың «Қаралы көш» романынан шағын монолог тыңдалды. Жазушы жастармен еркiн сұхбат құрып, пiкiр алмасты.Арғы беттегi қазақтардың қытай коммунистерiмен болған қиянкескi шайқасы, Алтай, Iле, Тарбағатай өңiрлерiн мекендеген қазақтардың тарихи тартысы, Гималай асып, күллi Еуропаға тарыдай шашылған қазақтардың өмiр жолын тарихи фактiлермен баяндайтын Жәди Шәкенұлының «Қаралы көш» романы жайлы ой бөлiстi.Кездесiудiң құрметтi қонақтары«Арқа ажары» газетiнiң бас редакторы Төреғожа Қайырбай,Ж.Мусин атындағы жоғары педагогикалық колледжiнiң қазақ тiлi және әдебиет факультетiнiң студенттерi және Ш. Уалиханов атындағы Мемлекеттiк университетнiң тарих факультетiнiң студенттерi қатысты. Кеш соңында Төкен Ильястың орындауында «Атамекен» әнi шырқалды.

Мақаланың шыққан күні: 27.02.2019

Қаралым саны: 49931

Біз әлеуметтік желідеміз