13 тамыз күні Салтанат сарайы жанындағы қалалық үлгілі кітапхананың ұйымдастыруымен «Жаңа белестегі жастар» атты кездесу өтті.
Шара мақсаты: жастардың жан-жақты дамуына мүмкіндік беру, жаңа белестерге ұмтылуға ынталандыру, олардың бойында отаншылдық және адамгершілік қасиеттерді қалыптастыруға ұйытқы болу және кәсіби тұрғыда өсіп-өнуіне жол ашу.
Шараға Ақмола облыстық мәслихатының депутаты, «Жастар рухы» жастар қанаты облыстық филиалының төрағасы Султанбек Евгеньевич Бекешев, №19 ЖОББМ математика пәні мұғалімі Сұлтанова Асемгүл Маратқызы Көкшетау қаласы Жастар ресурстық орталығының және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылды. Кездесу барысында жастар спорт, саясат, білім саласында еңбек етіп жүрген жетістікке жеткен тұлғалармен кездесіп, қойған сауалдарына жауап алды.
Бүгінгі таңда Қазақстан азаматтарының, әсіресе, жастардың еңбекқорлық қағидасын ұстануы өте маңызды. Сондықтан, диалог барысында жауапкершілік тақырыбы да көтеріледі. Өйткені өз мемлекеті үшін жауапты азаматтар ғана толық жауапкершілікте бола алады. Спикерлер табыс, шеберлік сырларымен бөлісіп, мақсат қойып, оған жетудің жолдары туралы қызықты идеяларын ортаға салды.
Мақаланың шыққан күні: 02.09.2024
Қаралым саны: 786
Мекен–жайы:
Көкшетау қаласы, Потанин көшесі, 53 үй
Жұмыс уақыты:
Дс-Жм: 10:00-19:00
Сн: 10:00-18:00
Жк: Демалыс күн
Телефон:
8 (7162) 50-31-21
E-mail:
mbo_gibs_kokshetau@mail.ru