Кеңес Одағының Батыры, жазушы, қоғам және ғылым қайраткері Мәлік Ғабдуллиннің 110 жылдығына орай «Салтанат» сарайы жанындағы қалалық үлгілі кітапхана Мәлік Ғабдуллин атындағы №3 көпсалалы мектеп-гимназиясында «Жеңіс туын желбіреткен жерлесіміз» атты дөңгелек үстел өткізді.
Шараға қатысқан Көкшетау өңіріне танымал өлкетанушы, шежіреші, тарихшы, еңбек ардагері Қабыкен Қонқаев, Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті ректорының кеңесшісі, тарих ғылымдарының кандидаты Аманбай Сейтқасымов, Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Сәбит Жәмбек, Мәлік Ғабдуллин атындағы №3 көпсалалы мектеп-гимназиясының директоры Ардақ Ахметжанова жас ұрпаққа үлгі, білімпаз, ұстаз Мәлік Ғабдуллиннің Ұлы Отан соғысындағы жанқиярлық ерлігін, қайраткерлік, санаткерлік істері мен ұлттық әдебиеттану, фольклортану, педагогика ғылымдарын дамытуға қосқан зор үлесін, азаматтық келбетін үлгі-өнеге етті.
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының оқытушысы, доцент, азаматтық қорғау подполковнигі Гүлбану Мадина әскери-патриоттық тәрбие берудің маңызына тоқталды.
Мәлік Ғабдуллин музейінің қызметкері Біржан Баймағанбет адамгершілік қасиеттерімен халықтың жүрегінен орын алған кемеңгер тұлға Мәлік Ғабдуллинге арналған «Ғажайып өмір баспалдақтары» атты жылжымалы көрмеге шолу жасады. Кітапханашылар «Тұғыры биік тұлға» тақырыбындағы кітап көрмесімен таныстырды.
Мақаланың шыққан күні: 08.05.2025
Қаралым саны: 875
Дс | 10:00-19:00 |
Сс | 10:00-19:00 |
Ср | 10:00-19:00 |
Бс | 10:00-19:00 |
Жм | 10:00-19:00 |
Сн | 10:00-18:00 |
Жк | Демалыс күн |
Мекен–жайы:
Көкшетау қаласы, Потанин көшесі, 53 үй
Жұмыс уақыты:
Дс-Жм: 10:00-19:00
Сн: 10:00-18:00
Жк: Демалыс күн
Телефон:
8 (7162) 50-31-21
E-mail:
mbo_gibs_kokshetau@mail.ru