16 наурыз Мәдениет және ұлттық салт — дәстүр күні «Салтанат» сарайы жанындағы қалалық үлгілі кітапхана шежірені, әулет тарихын білудің, оны ұрпаққа мирас етудің мәнін ұғындыру мақсатында «Жеті атасын білген ұл, жеті жұртқа жөн айтар» тақырыбында өлке — фольклортанушы, этнограф — шежіреші ғалым Есмағанбет Мұсатай Ғалымұлымен кездесу ұйымдастырды. "Өмір тәжірибесі мол халқымыз кейінгі ұрпаққа жеті атасын білуді міндеттеген және оны үйретіп, жаттатып отырған. Мұның әлеуметтік зор мәні бар. Оның себебі, біріншіден, әр адам жеті атаға дейін жақын туыс саналады. Екіншіден, қазақ халқы жеті атаға дейін қыз алыспаған. Бұрынғы адамдар бір – бірімен танысқанда, жүздескенде руын, тегін сұрауы осыдан шыққан", дейді ғалым ағамыз. Сондықтан әр қазақ баласы өз ата – тегін білу тектілік, әрі ұлттық тәртіп пен жөн білудің бір саласы болып саналады деп, ақыл — кеңесін айтты. Шара барысында Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің студенттері мен №1 мектеп — гимназиясының 10 сынып оқушылары сауалдарына тұшымды жауап алып, тек ұғымдары туралы ой — өрістерін кеңейтті.
Мақаланың шыққан күні: 16.03.2024
Қаралым саны: 2574
Мекен–жайы:
Көкшетау қаласы, Потанин көшесі, 53 үй
Жұмыс уақыты:
Дс-Жм: 10:00-19:00
Сн: 10:00-18:00
Жк: Демалыс күн
Телефон:
8 (7162) 50-31-21
E-mail:
mbo_gibs_kokshetau@mail.ru