8(7162)50-31-21

Көкшетау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесі» КММ

Бiздiң Қалалық ақпараттық
кiтапхана жүйесiнiң сайтына
қош келдiңiз!

«Кiтап дегенiмiз — алдыңғы
ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған
рухани өсиетi.
Кiтап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан
да тиылар едiк»
Ғабит Мүсiрепов

KÓKShETAÝ QALASYNYŃ QR-ELEKTRONDY KITAPHANASY

«ЖЕТІ АТАСЫН БІЛГЕН ҰЛ, ЖЕТІ ЖҰРТҚА ЖӨН АЙТАР»

16 наурыз Мәдениет және ұлттық салт — дәстүр күні «Салтанат» сарайы жанындағы қалалық үлгілі кітапхана шежірені, әулет тарихын білудің, оны ұрпаққа мирас етудің мәнін ұғындыру мақсатында «Жеті атасын білген ұл, жеті жұртқа жөн айтар» тақырыбында өлке — фольклортанушы, этнограф — шежіреші ғалым Есмағанбет Мұсатай Ғалымұлымен кездесу ұйымдастырды. "Өмір тәжірибесі мол халқымыз кейінгі ұрпаққа жеті атасын білуді міндеттеген және оны үйретіп, жаттатып отырған. Мұның әлеуметтік зор мәні бар. Оның себебі, біріншіден, әр адам жеті атаға дейін жақын туыс саналады. Екіншіден, қазақ халқы жеті атаға дейін қыз алыспаған. Бұрынғы адамдар бір – бірімен танысқанда, жүздескенде руын, тегін сұрауы осыдан шыққан", дейді ғалым ағамыз. Сондықтан әр қазақ баласы өз ата – тегін білу тектілік, әрі ұлттық тәртіп пен жөн білудің бір саласы болып саналады деп, ақыл — кеңесін айтты. Шара барысында Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің студенттері мен №1 мектеп — гимназиясының 10 сынып оқушылары сауалдарына тұшымды жауап алып, тек ұғымдары туралы ой — өрістерін кеңейтті.

Мақаланың шыққан күні: 16.03.2024

Қаралым саны: 2613

Біз әлеуметтік желідеміз