8(7162)50-31-21

Көкшетау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесі» КММ

Бiздiң Қалалық ақпараттық
кiтапхана жүйесiнiң сайтына
қош келдiңiз!

«Кiтап дегенiмiз — алдыңғы
ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған
рухани өсиетi.
Кiтап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан
да тиылар едiк»
Ғабит Мүсiрепов

KÓKShETAÝ QALASYNYŃ QR-ELEKTRONDY KITAPHANASY

«Жаңарудың бастауы – ұлық Наурыз»

Әр қазақтың асыға күтетін мейрамы Наурыз – табиғаттың тылсымы мен ғалам ғажайыптарын бойына жиған ерекше мереке. Наурыз - дін мен тілге, ұлт пен ұлысқа бөлмейтін, барша қауымды татулыққа тартып, ұлыстарды ұйысуға шақыратын шуақты мейрам.

17 наурыз күні Көкшетау қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұыймдастыруымен 22- Наурыз мерекесіне орай Электронды қалалық кітапханада «Жаңарудың бастауы – ұлық Наурыз» атты іс-шара өткізілді. Іс-шараға Көкшетау қаласының әкімі А.Х.Смаилов және Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары У.Б.Бейсембаев, Көкшетау қалалық маслихатының  хатшысы Р.С.Калишев, Көкшетау қаласы Ардагерлер кеңесінің төрағасы Ш. Ш. Алиев және Жастар ресурсы орталығының бір топ жастары қатысты. Әр келген қонақтар Наурыз мерекесімен құттықтады.

Іс-шарада кітап көрмесімен жас кітапханашы Н.Қстаубай таныстырып, Наурыз мерекесі жайлы ақпараттар насихатталынды.

Сонымен қатар Этно-қолөнер орталығының жетекшісі Г. Орынбаева жүннен жасалған кигіз бұйымдарының қалай жасалу жолдарымен таныстырылып, шеберлік сағатын өткізді.

Кездесу барысында жастар қала әкімі Амангелді Халауденұлымен еркін сұхбаттасып, алғыстарын білдірді.

Келген қонақтар ақ дастарханнан дәм тартып,        наурыз мерекесіне өз тілектерін білдірді.

  Қорыта айтқанда, ұлттың көзін ашып, санасын сергіткен «Қазақ» ұлыстың ұлы күні – Наурыздың тарих бедеріндегі өз орнын табуына, тілегі бір туыс халықтардың ортақ мерекесі ретінде жадымызда жатталуына үлкен үлес қосудамыз. 

Мақаланың шыққан күні: 17.03.2021

Қаралым саны: 14803

Біз әлеуметтік желідеміз