8(7162)50-31-21

Көкшетау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесі» КММ

Бiздiң Қалалық ақпараттық
кiтапхана жүйесiнiң сайтына
қош келдiңiз!

«Кiтап дегенiмiз — алдыңғы
ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған
рухани өсиетi.
Кiтап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан
да тиылар едiк»
Ғабит Мүсiрепов

KÓKShETAÝ QALASYNYŃ QR-ELEKTRONDY KITAPHANASY

Жас кітапханашылар Онлайн слеті «Жастар және Абайдың рухани құндылықтары»

https://www.instagram.com/p/CDgTsFtlJCb/?igshid=iry8rtcmjwoj

Көкшетау қалалық ақпараттық-кiтапхана жүйесi көрнектi қазақ ақыны, туған әдебиетiнiң классигi, елiмiздегi жаңа әдебиеттiң ұлы атасы, ағартушы, композитор, аудармашы Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған ҚР Зағип және нашар көретiн азаматтардың арнаулы кiтапханалардың жас кiтапханашыларының «Жастар және Абайдың рухани құндылықтары» атты II слетiне онлайн түрде қатысты. Слеттi Зағип және нашар көретiн азаматтарға арналған республикалық кiтапхана ұйымдастырды. Слет аясында "Абай — әлемдiк деңгейдегi ойшылдардың қатарындағы ғажайып тұлға" атты халықаралық онлайн — конференцияға Новосiбiр, Санкт-Петербург, Кузбасс, Башқұртстан, Татарстаннан келген әрiптестер, сондай-ақ, Көкшетау қалалық мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмiнiң Қалалық ақпараттық кiтапхана жүйесiнiң директоры Айгүл Амангелдiқызы Әбiшева және республикамыздың әртүрлi облыстарынан жас кiтапханашылар қатысты. Бiздiң жас мамандарымыз — Дәуренбек Назгүл мен Құсаинова Меруерт слет жұмысына қатысып, баяндама жасап, ақынның мерейтойына кiтапхана жүйесi мен Арнаулы кiтапханасы бойынша өткiзiлген негiзгi iс-шаралар, Қазақ қалалық үлгiлi кiтапханасы базасында ашылған жаңа Абай әдеби орталығы туралы айтып бердi; сонымен қатар, Мұхаммед Қонқаев пен Арнаулы кiтапхананың оқырманы Ульяна Королкова Абайдың өлеңдерiн екi тiлде оқыды; екiншi күнi слеттiң жұмысында онлайн семинар — тренингтер, вебинарлар өткiзiлдi, оған Асылтас Құсайынова қатысты

 

Мақаланың шыққан күні: 05.08.2020

Қаралым саны: 16396

Біз әлеуметтік желідеміз