ҚР Республика күні ұлттық мерекесіне орай және «Туған өлке» жобасы аясында Ж.Ерғалиевтің 70 жылдығына арналған «Жазушы қарымы» атты автормен диалог өтті.Мақсаты: жас ұрпақтың туған еліне, жеріне деген патриоттық, сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, сондай-ақ еліміздің мәдени-әдеби өркендеуіне өзінің өшпес қолтаңбасын қалдырған Көкше өңірінен шыққан көрнекті тұлға, жазушы, драматург, бұрынғы Сенатор, қоғам қайраткерінің еңбектерін өскелең ұрпаққа үлгі ету.
Іс-шара барысында Жабал Ерғалиұлымен диалог өткізіліп, қаламгердің шығармалары қойылған көрме ұсынылды. Онда автордың «Сөне көрме, жұлдыздар», «Қазақтың Қарасай батыры», «Ұлтым менің, ұлысым менің», «Хан көтерген ел едік ер ұланын», «Бұлтты түнгі толған Ай», «Жол сапар жалғаса береді», «Тәуелсіздік толғауы», «Әлемді жүрегіне сыйғызған», «Лето без дождя», «Құлпытастың көз жасы» атты кітаптары таныстырылды. Сонымен бірге Ж. Ерғалиев Соңғы тұяқ», «Ескі арба» повестерінің, «Бұлтты түнгі толған Ай», «Тойғандар мен тозғандар», «Жетім тағдыр» «Соңғы тұяқ», «Ескі арба» повестерінің, «Бұлтты түнгі толған Ай», «Тойғандар мен тозғандар», «Жетім тағдыр» драмалық шығармаларының авторы. Бұл драмалық шығармалары Қазақстанның театр сахналарында сәтті қойылып келеді.
Мақаланың шыққан күні: 11.10.2022
Қаралым саны: 10208
Мекен–жайы:
Көкшетау қаласы, Потанин көшесі, 53 үй
Жұмыс уақыты:
Дс-Жм: 10:00-19:00
Сн: 10:00-18:00
Жк: Демалыс күн
Телефон:
8 (7162) 50-31-21
E-mail:
mbo_gibs_kokshetau@mail.ru