8(7162)50-31-21

Көкшетау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесі» КММ

Бiздiң Қалалық ақпараттық
кiтапхана жүйесiнiң сайтына
қош келдiңiз!

«Кiтап дегенiмiз — алдыңғы
ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған
рухани өсиетi.
Кiтап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан
да тиылар едiк»
Ғабит Мүсiрепов

KÓKShETAÝ QALASYNYŃ QR-ELEKTRONDY KITAPHANASY

«Желбіре көгімде көк байрағым»

Қазақ қалалық үлгілі кітапханасында Жандарбек Мәлібековтың 80 жылдығына арналған «Желбіре көгімде көк байрағым» атты көрме - экспозиция ұйымдастырылды. Мақсаты: Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы елтаңбасы, әнұраны туралы мағлұмат беру, олардың мән мағынасы түсіндіру. Мемлекеттік рәміздерді қастерлеуге, құрметтеуге баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру. Іс-шара барысында мемлекеттік рәміздердің маңызы, олардың мемлекет тәуелсіздігіндегі рөлі туралы айтылды, сондай-ақ егемен Қазақстанның бүгінгі Елтаңбасы екі танымал сәулетші Жандарбек Мәлібеков пен Шота Уәлихановтың қажырлы еңбегінің жемісі екенін атап өтті. Жандарбек Мәлібековтың 80 жылдығына арналған «Желбіре көгімде көк байрағым» атты кітап көрмесіне еліміздің тәуелсіздік алғаннан бастап күні бүгінге дейінгі тарихы мен Егеменді еліміздің қолжеткен жетістіктері және Мемлекеттігімізді айшықтайтын рәміздер жайында әдебиеттер, суреттер мен нақыл сөздер қойылды.

Мақаланың шыққан күні: 03.06.2022

Қаралым саны: 12820

Біз әлеуметтік желідеміз