8(7162)50-31-21

Көкшетау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесі» КММ

Бiздiң Қалалық ақпараттық
кiтапхана жүйесiнiң сайтына
қош келдiңiз!

«Кiтап дегенiмiз — алдыңғы
ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған
рухани өсиетi.
Кiтап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан
да тиылар едiк»
Ғабит Мүсiрепов

KÓKShETAÝ QALASYNYŃ QR-ELEKTRONDY KITAPHANASY

«Жеңіс автобусы»

Ұлы Жеңіс қарсаңында Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесі «Автобус паркі» ЖШС қолдауымен №1 автобус бағытында «Жеңіс автобусы» акциясын ұйымдастырды.

Мерекелік бағдарламаның негізгі мақсаты: Жеңіс үшін аянбай ерлік көрсеткен ардақты ардагерлерді еске алу, Ұлы Отан соғысының отты жылдарындағы лирикалық шығармалар мен әндердің халық арасына насихаттау. Мереке қарсаңында, жолаушылар соғыс жылдарындағы әскери әндерді еске алып, әскери жылдардың естеліктерімен қауышты. Бірқатар әндер сол уақытта отансүйгіштік, патриоттық сезімде, жауынгерлер арасында, бейбіт аспан аясында шырқалып жүр. Жол бойы жолаушылар халық сүйіп тыңдайтын: «Ақ көгершін», «Әлия», «Катюша», «Огонек», «В землянке», «День Победы», «Смуглянка», «Синий платочек» әндері айтылды.Бұл күндері мерекелік көңіл-күйде айтылған әндер тым ерекше шырқалып, бейбітшілік пен мейірімділік сезімін ұялата отырып, тұрғындарды жақындастырды. Акция барысында жолаушыларға «Жеңіс лентасы» көгілдір патриоттық лента таратылды.

Мақаланың шыққан күні: 04.05.2023

Қаралым саны: 4335

Біз әлеуметтік желідеміз