СССР Жоғарғы Советiнiң депутаты, Кмсақты МТС-iн басқарған бiлiктi басшы, Көкшетау облыстық астық өнiмдерi өндiрiстiк басқармасының басшысы болған, Ленин, Октябрь Революциясы, екi мәрте Еңбек Қызыл Ту ордендерiнiң иегерi Төлеу Сүлейметовтiң туғанына биыл 90 жыл. Елеулi еңбегiмен ел есiнде қалған өр тұлға азаматты еске алу кешi «Достар» мәдениет сарайының көпфункционалды залында Қалалық ақпараттық кiтапхана жүйесiнiң ұйымдастыруымен өттi. Небәрi 52 жыл ғұмыр кешсе де ел үмiтiн абыроймен ақтаған ел азаматы облыстың нан қабылдау мекемелерiнiң өндiрiстiк базаларын бекiтуде, нан қабылдау пунктiлерiн, элеваторларды, диiрмендердi жабдықтандыруда олардың материалды-техникалық базасының нығаюы мен өсуiне байланысты ауқымды еңбек сiңiрген. Көкшетаудың қалалық сәнiн, келбет-көркiн келтiретiндей құрылыс салғанын, еңселi оңды үйлердi, үй ғана емес, бiркелкi шағын аудандар тұрғызғаны, №8 мектептiң пристройкасын салуға, балабақша салуға, бұрынғы «Ақбидай» мәдениет үйiне айналған ғимараттың пайда болуы да Төкен ағамыздың үлкен еңбегi мен батылдылығының арқасы болған едi.
«Көзден кетсе де көңiлден кетпейтiн» осынау ардақты ағамызды еске алуға замандастары, дос-жарандары, туған-туыстары қатысты. Олар Т.Сүлейменовтың жұбайы Шанзали Накиповна, iнiлерi Болат Сүйлейменұлы, қызы Ләззат Төлеуқызы, ұлы Мұрат Төлеуұлы, немересi Әбiлмансұр, замандастары, бiрге қызмет iстеген жолдастары зейнеткер, құрылыс саласының ардақты ардагерi Мухитанов Сансызбай, қоғам қайраткерi Мурзин Айдар Хамзаұлы, партия-кеңес қызметкерi, тiлшiТемiрбаев Айдархан Әбдiрахманұлы, Көкшетау қаласының құрметтi азаматы, соғыс ардагерi Дәулетов Асылбек Джазиұлы, еңбек ардагерi, Социалистiк еңбек ерi Әбiлпейiсов Тұрлыбек, журналист, жазушы-аудармашы, қоғам және мәдениет қайраткерi, Қазақстан журналистер одағының мүшесi, Облыстық Ардагерлер кеңесiнiң басшысыТөлеғұл Ғосман Төлеғұлұлы, қалалық ардагерлер кеңесiнiң төрағасы, облыстық мәслихаттың бiрiншi шақырылымының депутатыӘлиев Шияп Шарапұлы.
Қатысушылар Төлеу Сүлейменов жайлы естелiктерiмен бөлiсiп, ел келешегi жастарға үлгi еттi. Төлеу Сүлейменов ел болып мақтан тұтып, есiмiн мәңгi жадымызда, жүрегiмiзде сақтайтын боламыз.
Мақаланың шыққан күні: 09.06.2017
Қаралым саны: 46953
Дс | 10:00-19:00 |
Сс | 10:00-19:00 |
Ср | 10:00-19:00 |
Бс | 10:00-19:00 |
Жм | 10:00-19:00 |
Сн | 10:00-18:00 |
Жк | Демалыс күн |
Мекен–жайы:
Көкшетау қаласы, Потанин көшесі, 53 үй
Жұмыс уақыты:
Дс-Жм: 10:00-19:00
Сн: 10:00-18:00
Жк: Демалыс күн
Телефон:
8 (7162) 50-31-21
E-mail:
mbo_gibs_kokshetau@mail.ru