"Салық Зиманов – ұлттық құқықтық жүйенің ғылыми мектебінің негізін қалаушы", отандық заң ғылымның атасы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының, Президенттің бейбітшілік және рухани келісім сыйлықтарының иегері заң ғылымдарының докторы, академик.С.Зимановтың 1990 жылы Қазақ мемлекеттігі мен қазақ халқының тарихында шешуші рөл атқарған «Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларациясының» жобасын дайындау жөніндегі комиссияны басқарғанын, 1991 жылы «ҚР мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заңның жобасын дайындау жөніндегі комиссияның жетекші мүшелерінің бірі болғанын бірі білсе, бірі білмейді.Салық Зиманұлы қазақ халқының құқықтық жүйесін зерттеп, билер мен шешендердің билік өнерін бүгінгі ұрпаққа жеткізген ғалым. Академик, еңбек және соғыс ардагері Салық Зиманұлы Зиманов - ұлтымыздың лайықты мақтанышы. Ғылымның шыңына табан ақы, маңдай терімен шығып, ел сөзін, зиялылар парасатын жеткізе білген ұлы ғалымның даңқы ұмытылмайды.
Мақаланың шыққан күні: 20.02.2021
Қаралым саны: 18375
Мекен–жайы:
Көкшетау қаласы, Потанин көшесі, 53 үй
Жұмыс уақыты:
Дс-Жм: 10:00-19:00
Сн: 10:00-18:00
Жк: Демалыс күн
Телефон:
8 (7162) 50-31-21
E-mail:
mbo_gibs_kokshetau@mail.ru