16 маусым күнi «Болашаққа бағдар: Рухани Жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында, Балалар әдебиетi жылына орай, Арбат алаңында Қалалық ақпараттық кiтапхана жүйесiнiң ұйымдастыруымен «Балалар әдебиетi — рухани қазына» фестивалiнiң ашылу салтанаты ұйымдастырылды. Мақсаты: кiшкентай оқырмандарымызға: бүлдiршiндерден бастап, он төрт жасқа дейiнгi жеткiншектердiң назарына тәрбиелiк мәнi зор, көркем әдеби тiлде жазылған жоғарғы идеялық қызықты шығармаларды ұсыну, оларды саналы өмiр сүруге талпынту, саламатты өмiр салтын қалыптастыруға, халқымыздың ұлттық құндылықтарын бағалай бiлуге шақыру. Жас ұрпақтың сана-сезiмiн оятып, ой-өрiсiн дамытатын, ақылына ақыл қосатын, оларды адамгершiлiкке тәрбиелейтiн өмiрдiң рухани оқулығы, балалар әдебиетiнiң үздiк туындыларын ұсыну.
Шараға Көкшетау қаласының әкiм орынбасары Уақыт Бегайдарович Бейсенбаев Қалалық мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi басшысы Оразбаева Күнiм Әбдiсалыққызы, Көкшетау қаласының құрметтi азаматы Мейрамбек Қиықов, жергiлiктi балалар жазушылары Қайырбай Төреғожа, Серiк Сапарұлы, Раушан Мұқанова, А.Байковская, жас қаламгер Т.Саматова және Күләш Рақымжанқызы,кiтапхана оқырмандары, балдырғандар қатысты.
Әдебиеттiң үлкен бiр арнасы — балалар әдебиетi. Балалар әдебиетi жас ұрпақтың болашағына жол ашады, бағыт сiлтейдi. Балалар әдебиетiнiң негiзгi мiндетi отансүйгiш ұрпақ тәрбиелеу. Осындай маңызды мiндеттi жүктеген «Балалар әдебиетi жылына» орай ұйымдастырылған шарада «Тәрбие тал бесiктен басталады» демекшi, ананың әлдиiмен, ана тiлiнiң әуездi үнiн құлағына сiңiрiп өсетiн ұрпақ көбейсiн деген iзгi ниетпен бесiк жырының үлгiсi көрсетiлiп, әжесiнiң ертегiсiн тыңдап әлемдi iзгiлiкпен ашып, халқымыздың тарихын танып, адамгершiлiк асыл қасиеттердi қалыптастыратын ауыз әдебиетiнiң тамаша арнасы ертегi айту көрiнiсiн ұсынды. Сондай-ақ, заманауи техникалық мүмкiндiктермен жабдықталған CD, 3D кiтаптардан көрме, ұлы адамдардың даналық сөздерi, балаларға арналған әдебиеттердiң озық үлгiлерiнен, балалар жазушыларының тың туындыларынан тұратын кiтап көрмелерi оқырман назарына ұсынылатын болады. Арбат алаңына жиналған жұртшылыққа жас ақындар жыр шумақтарын арнап, ән-күймен әрлеп, Застанционный қалалық үлгiлi кiтапханасының жанындағы «Алақай» қуыршақ клубының қойылымын тамашалап, балдырғандар өздерiнiң ертегiдегi сүйiктi кейiпкерлерiнiң суретiн салудан сайысқа түсiп, ұлттық ойынымыз асық атудан жарыс ұйымдастырылып деп өткiзiлдi. Және Арбат алаңында буккросинг қойылып, тұрғындар қалаған кiтаптарын оқуға алып кете алады. Қала тұрғындарына, кiшкентай балдырғандарға, жалынды жеткiншектерге тамаша көңiл күй сыйлап, рухани азық болар шара болды.
Мақаланың шыққан күні: 16.06.2021
Қаралым саны: 18559
Мекен–жайы:
Көкшетау қаласы, Потанин көшесі, 53 үй
Жұмыс уақыты:
Дс-Жм: 10:00-19:00
Сн: 10:00-18:00
Жк: Демалыс күн
Телефон:
8 (7162) 50-31-21
E-mail:
mbo_gibs_kokshetau@mail.ru