8(7162)50-31-21

Көкшетау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесі» КММ

Бiздiң Қалалық ақпараттық
кiтапхана жүйесiнiң сайтына
қош келдiңiз!

«Кiтап дегенiмiз — алдыңғы
ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған
рухани өсиетi.
Кiтап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан
да тиылар едiк»
Ғабит Мүсiрепов

KÓKShETAÝ QALASYNYŃ QR-ELEKTRONDY KITAPHANASY

«Балалар әдебиетi — рухани қазына» конференция

Тәуелсiздiктiң 30 жылдығына орай «2021 –Қазақстандағы балалар мен жасөспiрiмдердiң кiтап оқуын қолдау жылы» деп жарияланды. Қалалық ақпараттық кiтапхана жүйесi «Балалар әдебиетi — рухани қазына» атты конференция ұйымдастырылды. Конференция офлайн және zoom платформасында Орталық қалалық балалар және жасөспiрiмдер үлгiлi кiтапханасында өттi.

Конференцияны Көкен Шакеев атындағы ақындар мектебiнiң жетекшiсi, жас ақын Мұхаммед Қонқаев жүргiздi.

Конференцияны құттықтау сөзбен қалалық Мәдениет және тiлдер дамыту бөлiм басшысының мiндетiн атқарушысы Әсия Сағайқызы Төлеген ашып, қатысушыларға сәттiлiк тiледi.

Iс-шараға Қазақстан Жазушылар одағының мүшесi, балалар жазушысы Қайырбай Төреғожа, Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесi, балалар жазушысы Толымбек Әбдiрайым, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесi, балалар жазушысы Серiк Жетпiсқалиев, балаларға арналған бiрнеше кiтаптың авторы Альбина Байковская, SAPSAN зияткерлiктi дамыту мектебiнiң жетекшiсi Алмагүл Аленова, Өскемен қаласының Қалалық балалар кiтапхана қызметкерлерi және де кiтапхана оқырмандары қатысып өз-ойларымен бөлiстi.

Қалалық ақпараттық кiтапхана жүйесiнiң директоры Айгүл Абишева конференцияға қатысушыларға алғысын бiлдiрiп, балалар әдебиетi жылы аясында, көптеген iс-шаралардың жаңа форматта өтетiнi жайлы айттып кеттi.

 

Мақаланың шыққан күні: 23.02.2021

Қаралым саны: 15220

Біз әлеуметтік желідеміз