8(7162)50-31-21

Көкшетау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесі» КММ

Бiздiң Қалалық ақпараттық
кiтапхана жүйесiнiң сайтына
қош келдiңiз!

«Кiтап дегенiмiз — алдыңғы
ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған
рухани өсиетi.
Кiтап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан
да тиылар едiк»
Ғабит Мүсiрепов

KÓKShETAÝ QALASYNYŃ QR-ELEKTRONDY KITAPHANASY

«Әдебиет әлеміндегі демалыс» ореn-air

Қазақстандағы балалар жылы аясында Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесі саябақта «Әдебиет әлеміндегі демалыс» атты ашық аспан астындағы кітапхана акциясын ұйымдастырды. Мақсаты: кішкентай оқырмандарымызға: бүлдіршіндерден бастап, он төрт жасқа дейінгі жеткіншектердің назарына тәрбиелік мәні зор, көркем әдеби тілде жазылған жоғарғы идеялық қызықты шығармаларды ұсыну, оларды саналы өмір сүруге талпыну, саламатты өмір салтын қалыптастыруға, халқымыздың ұлттық құндылықтарын бағалай білуге шақыру. Жас ұрпақтың сана-сезімін оятып, ой-өрісін дамытатын, ақылына ақыл қосатын, оларды адамгершілікке тәрбиелейтін өмірдің рухани оқулығы, балалар әдебиетінің үздік туындыларын ұсыну.       Шараға Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, жергілікті балалар жазушысы Қайырбай Төреғожа, кітапхана оқырмандары, № 10,5 мектептің бүлдіршіндер қатысты. Әдебиеттің үлкен бір арнасы – балалар әдебиеті. Балалар әдебиеті жас ұрпақтың болашағына жол ашады, бағыт сілтейді. Балалар әдебиетінің негізгі міндеті отансүйгіш ұрпақ тәрбиелеу. Сондай-ақ, заманауи техникалық мүмкіндіктермен жабдықталған CD, 3D кітаптардан көрме, ұлы адамдардың даналық сөздері, балаларға арналған әдебиеттердің озық үлгілерінен, балалар жазушыларының тың туындыларынан тұратын кітап көрмелері буккроссинг, оқырмандар назарына ұсынылды. Шарада әртүрлі ойындар, викторина, сурет сайысы ұйымдастырылып, жеңімпаздар алғыс хаттармен марапатталды. Акцияға ат салысып, демеушілік көрсеткен DODO PIZZA Көкшетауға алғысымызды білдіреміз.

Мақаланың шыққан күні: 01.06.2022

Қаралым саны: 11477

Біз әлеуметтік желідеміз