25 қараша күні сағат 15.00-де «Достар» МС жанындағы қалалық үлгілі кітапханасының ұйымдастыруымен «Кітап-АMANAT» орталығында Алаш қозғалысының қайраткері, жазушы, ақын, драматург Міржақып Дулатовтың туғанына 140 жыл толуына ұйымдастырылған «Алаш қайраткері» атты әдеби сағат өтті.
Шара мақсаты: Міржақып Дулатовтың өмірі мен шығармашылық еңбек жолы туралы мағлұмат бере отырып, жас ұрпаққа патриоттық сезім ұялату. Шараға Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің лекторы Ғалымтай Төлепбергенов; «AMANAT» партиясы Ақмола облыстық филиалының атқарушы хатшысының орынбасары Ақманат Әлімбетова, Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесінің басшысы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, жазушы, ақын, «Кітап-AMANAT» жобасының амбассадоры Серік Жетпісқалиев, «Достар» МС жанындағы қалалық үлгілі кітапхана меңгерушісі Мария Кузнецова, кітапхана қызметкерлері мен Көкшетау қалалық қазақ педагогикалық колледж студенттері қатысты.
Рухани кешке арнай шақырылған қонақтар тарихшы Ғалымтай Мәлікұлы және ақын, журналист Серік Сапарұлы ақынның өмірі мен шығармашылығынан сыр шертсе, кітапхана қызметкерлері Міржақып Дулатұлының шығармаларынан көрме ұйымдастырды. Колледж студенттері ақынның өлендерін оқыды. Кітапхана кызметкері кітап көрмесіне шолу жасады. Өз кезегінде атқарушы хатшының орынбасары Ақманат Ақниетқызы барлық қатысушыларға рақметін айтып, ұлттық құндылықтарымызды бірге насихаттауға шақырды.
Мақаланың шыққан күні: 26.11.2025
Қаралым саны: 72
Мекен–жайы:
Көкшетау қаласы, Потанин көшесі, 53 үй
Жұмыс уақыты:
Дс-Жм: 10:00-19:00
Сн: 10:00-18:00
Жк: Демалыс күн
Телефон:
8 (7162) 50-31-21
E-mail:
mbo_gibs_kokshetau@mail.ru