«Салтанат» сарайы жанындағы қалалық үлгілі кітапханада «Әділдік жолы – жемқорлықсыз жол» тақырыбында сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы мәселелер бойынша кездесуі өтті.
Кітапханашылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің өзектілігі–оның кешенді сипатында екендігіне тоқалды. Бұл күресте мемлекеттің ғана емес, бүкіл азаматтық қоғамның шоғырландырылған күш — жігері қажет деп, сөзді кезегің құрметті қонақтарына берді. ҚР Мемлекеттік қызметістері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің өкілі «Жемқорлыққа қарсы күресте барлық адамдар заң мен сот алдында тең.
Жеке және заңды тұлғалардың бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіру, сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылықтың зиянды зардаптарын жою, олардың алдын — алу, оған қарсы тұру және барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар өз құзіретішегінде күрес жүргізуі, яғни жемқорлықпен күресіп жұмыстар жүргізуі — жалпыға ортақ міндет» — деді өз сөзінде. Жемқорлыққа қарсы тұру әр адамның парызы, ал адал еңбек, адал табыс адамға тыныштық береді деп, жастарды қоғамға зиян тигізуші індеттен аулақ болуға шақырды.
«Әділдік және өркендеу» ҚБ Ақмола филиалы өкілдігінің жетекшісі Бақыт Смағұл сыбайлас жемқорлықтың өзекті мәселелеріне және сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің алдыналу шараларына тоқталды. «Әділдік бар жерде сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» екендігін айта келе, жастарды осы күреске белсенді қатысуға шақырды, өйткені Әділетті Қазақстанның қалыптасуы әрбір азаматқа, соның ішінде бірінші кезекте жастарға байланысты. Шара соңында кітапхана қызметкерлері баршаны еліміздің әл-ауқатын көтеріп, гүлдендіру мақсатында сыбайлас жемқорлықпен бірге күресуге шақырды.
Дата создания статьи: 24.11.2025
Количество просмотров: 12
Наш адрес:
город Кокшетау,
ул.Потанина 53
Режим работы:
Пн-Пт: 10:00-19:00
Сб: 10:00-18:00
Вс: Выходной день
Телефон:
8 (7162) 50-31-21
E-mail:
mbo_gibs_kokshetau@mail.ru