8(7162)50-31-21

Көкшетау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесі» КММ

Бiздiң Қалалық ақпараттық
кiтапхана жүйесiнiң сайтына
қош келдiңiз!

«Кiтап дегенiмiз — алдыңғы
ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған
рухани өсиетi.
Кiтап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан
да тиылар едiк»
Ғабит Мүсiрепов

KÓKShETAÝ QALASYNYŃ QR-ELEKTRONDY KITAPHANASY

Ақпарат

Мәлік Ғабдуллиннің 110 жылдығына орай «Достар» МС жанындағы қалалық үлгілі кітапхана М. Ғаблуллин мұражайының қызметкерлерімен, М. Ғабдуллин атындағы №3 көпсалалы мектеп — гимназиясының оқытушыларымен бірлесіп «Жеңіс туын желбіреткен жерлесім» атты дөңгелек үстел өткізді.

Іс-шараның мақсаты: патриоттық тәрбие, қатысушыларды Мәлік Ғабдуллиннің өмірі мен ерліктерімен таныстыру.

Іс – шараға: Көкшетау қаласының қалалық ақпаратты — кітапханалық жүйесінің басшысы Серік Сапарұлы Жетпісқалиев, журналист, жазушы Сайлау Көшкенұлы, Хоршат Алтынгүл – М. Ғабдуллин атындағы № 3 мектеп — гимназиясының биология пәнінің мұғалімі, Ержанова Эльмира Ермекқызы — М. Ғабдуллин мұражайының ғылыми қызметкері, Қажыбай Жанат Жаңғырбайқызы — М. Ғабдуллин музейінің аға ғылыми қызметкері қатысты.

Кітапхана қызметкері Ильясова Алтын Қажымұратқызы Мәлік Ғабдуллинге арналған кітап көрмесіне шолу жасады. Дөңгелек үстелде қатысушылар баяндамаларың оқыды. Мұражайдың аға ғылыми қызметкері Қажыбай Жанат Жанбырбайқызы «Мәлік Ғабдуллиннің әдеби мұрасындағы ұлттық рух пен ерлік бейнесі» атты баяндамасын, мұражайдың ғылыми қызметкері Ержанова Эльмира Ермекқызы «История создания музея Малика Габдуллина: от идеи до воплощения» атты баяндамаларын оқыды. "Көштің көркі" фильмін тамашалады. Баяндамалар белсенді талқыланды, барлық қатысушыларға Мәлік Ғабдуллиннің өмірі мен шығармашылығы туралы білімдерін толықтыруға мүмкіндік берді. Іс-шара соңында мектеп оқушылары батырға арналған өлеңдер оқыды.

Мақаланың шыққан күні: 21.11.2025

Қаралым саны: 911

Біз әлеуметтік желідеміз

Байланыстар

Мекен–жайы:
Көкшетау қаласы, Потанин көшесі, 53 үй

Жұмыс уақыты:
Дс-Жм: 10:00-19:00
Сн: 10:00-18:00
Жк: Демалыс күн

Телефон:
8 (7162) 50-31-21

E-mail:
mbo_gibs_kokshetau@mail.ru