Жаздың бірінші күні. Бұл күн Халықаралық балаларды қорғау және жер бетіндегі бейбітшілікті сақтау күніне арналған. Балалар кітапханасы «Балалардың күлкісі-көркі, сән әлемінің» атты қызықты мерекелік бағдарлама дайындады. Кішкентай оқырмандар үшін мерекеде көптеген танымдық және ашық ойындар, жұмбақтар болды. Ойындарда балалар жарысып, бір-біріне қолдау көрсетті. Балалар ұқыптылық, тапқырлық, жылдамдық танытты. Мерекелік кездесу соңында балалар асфальтқа бормен сурет салып, бақыт, достық, бейбітшілік, мейірімділік пен махаббат туралы өз тілектерін жазды.






Мақаланың шыққан күні: 01.06.2021
Қаралым саны: 24200
        Мекен–жайы:
        Көкшетау қаласы, Потанин көшесі, 53 үй    
        Жұмыс уақыты:
        Дс-Жм: 10:00-19:00
        Сн: 10:00-18:00
        Жк: Демалыс күн    
        Телефон:
        8 (7162) 50-31-21
    
        E-mail:
        mbo_gibs_kokshetau@mail.ru